Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны стационарлық, стационаралмастыратын (күндізгі стационар) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалық, амбулаториялық) көрсететін, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмек аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсететін Кәсіпорын болып табылады.
Аурухананың жапы төсек қоры 90 төсекті құрайды, оның ішінде тәуліктік стационар 60 төсек орынды және 30 күндізгі төсек орынды (оның ішінде 15 төсек орын емхана деңгейінде орналасқан) құрайды.
Аурухана құрамында жалпы хирургия бөлімшесі, аналлар босану бөлімшесі, балалар соматикалық аурулары бөлімшесі, терапия бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі дәне жансақтау бөлімшесі бар.
Жетібай ауылында орналасқан емхана жобалық қуаты ауысымында 150 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 15 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Мұнайшы және станса Жетібай ауылында дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысы ауысымына 50 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 5 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Аурухана басшысы: директор Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич.
Жетібай ауылдық ауруханасында барлығы 29 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі жоғарғы санатты, 2-уі бірінші санатты, ал 1 дәрігер екінші санатты.
Барлық жұмыс жасайтын медбикелер 114, оның ішінде, 33 медбике жоғарғы санатты, 5 медбике бірінші санатты.
2025-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар
Вирустық гепатиттердің алдын алу
22.08.2019
Гепатит тоқта! 2019жылдың тамыз айының 14 жұлдызында Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орай СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен емханада дәрігер Дуйсен А.Ж. акушеркалар Алхамбекова А., Елемесқызы Қ. аналар арасында "Вирустық гепатиттердің алдын алу" атты "Ашық есік" күні өткізіліп, дәрістер оқылды.
Емізу - бала саулығының негізі
09.08.2019
2019 жылдың тамыз айының 7 жұлдызында Дүниежүзілік баланы емізу апталығына орай СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен емханада және перзентханада дәрігерлер Кулбаева Г.С., Адамбекова Г.А., акушерка Сүйеуова Р., медбикелер Қосмамбет Г., Теңізбай А., Күзекен Ұ. аналар арасында
Пресс-релиз
09.07.2019
Қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау мақсатында Жетібай ауылдық ауруханасы хирург (онколог) дәрігері М.Қ. Ақмолдина және медбикелер Даулбаева Ф., Қалабаева А. , Кенжебаева А. қатысуымен тұрғындар арасында "Бүйрек обырының алдын алу " жөнінде "Ашық-есік күні " ұйымдастырылды .
Жақсы әдеттер марафоны!
03.07.2019
2019 жылдың маусым айының 26 жұлдызында емханада Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай дәрігерлер А.С.Дүйсенбаев, Д.С.Мырзакулова медбикелер Даулбаева Ф., Қанжигитова Р., Карабалина Б., Елемесқызы Қ. психолог Талаштақ А. қатысуымен тұрғындар арасында "Психикаға белсенді әсер ететін заттарды (ПБЗ) тұтынудың алдын алу" бойынша "Ашық есік" күні ұйымдастырылды
