Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны стационарлық, стационаралмастыратын (күндізгі стационар) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалық, амбулаториялық) көрсететін, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмек аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсететін Кәсіпорын болып табылады.
Аурухананың жапы төсек қоры 90 төсекті құрайды, оның ішінде тәуліктік стационар 60 төсек орынды және 30 күндізгі төсек орынды (оның ішінде 15 төсек орын емхана деңгейінде орналасқан) құрайды.
Аурухана құрамында жалпы хирургия бөлімшесі, аналлар босану бөлімшесі, балалар соматикалық аурулары бөлімшесі, терапия бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі дәне жансақтау бөлімшесі бар.
Жетібай ауылында орналасқан емхана жобалық қуаты ауысымында 150 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 15 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Мұнайшы және станса Жетібай ауылында дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысы ауысымына 50 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 5 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Аурухана басшысы: директор Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич.
Жетібай ауылдық ауруханасында барлығы 29 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі жоғарғы санатты, 2-уі бірінші санатты, ал 1 дәрігер екінші санатты.
Барлық жұмыс жасайтын медбикелер 114, оның ішінде, 33 медбике жоғарғы санатты, 5 медбике бірінші санатты.
2025-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар
Диабет бақылауда
20.11.2019
2019 жылдың 14 қараша Қант диабетімен дүниежүзілік күрес күніне орай "Диабет бақылауда" атты шара аясында Жетібай ауылдық емханасында дәрігерлер Бисемберген Қ.С., Мырзкулова Д.С., Бекбаев Б.О., және медбикелердің қатысуымен тұрғындарға
Екпе - сау болашақ
08.11.2019
2019 жылдың қазан айының 7 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен емханада дәрігерлер Мырзкулова Д.С., Саудабай Ж.А., Бекбаев Б.О., акушеркалар Алхамбекова А., Тоқтағанова Қ., Елемесқызы Қ. медбикелер Қылаубаева Б., Кошкинова К., Имашева А. тұрғындар арасында "Екпе - сау болашақ", "Тұмауға егіліңіз!!" атты тақырыбында дәрістер оқып
Ішімдікті шамадан тыс тұтынудың алдын алу
01.11.2019
2019 жылдың қазан айының 25 жұлдызында Ішімдікті тұтынудан бас тарту күніне орай "Салауаттылық-өмір салты" шарасы аясында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф
Сүт безі, жатыр мойыны, асқазан, өңеш және ішектің қатерлі ісіктерінің алдын алу
22.10.2019
Қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында Жетібай ауылдық емханасында дәрігерлер Дүйсенбаев А.С., Мырзакулова Д.С., Кульбаева Г. С., Елеуова А.А., акушерка Мұрынбаева Н., және медбикелердің қатысуымен тұрғындар