Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, стационарлық, стационарлы- амбулаториялық көмек көрсететін, тұрғындарға кепілді тегін медициналық көмекпен қамтитын емдеу сауықтыру кәсіпорны болып табылады. Аурухананың төсек қоры 90 төсекті құрайды, Өз құрамында: 75 төсектік тәулік бойғы стационар, емхана құрамында - 10 төсектік күндізгі стационар, Мұнайшы кентіндегі дәрігерлік амбулаторияда 5 төсектік күндізгі стационар. Аурухана құрамында аурулар қабылдау бөлімшесі, Жобалық қуаты ауысымында 150 қабылдауға арналған емхана бар.
Аурухана басшысы: директор Оразов Кыдырбек Серикбаевич.
Ұжымда барлығы 22 дәрігер және 145 орта буын қызметкерлері жұмыс жасайды, оның ішінде 5 жоғарғы санатты, 7 бірінші санатты, ал 12 екінші санатты медбикелер.
Инсульт дегеніміз не?
05.11.2018
Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды
Ескерту. Қорғау. Егу!
02.11.2018
1. 2018 жылдың 1қазан мен 1қараша аралығында ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға бағытталған "Ескерту. Қорғау. Егу!" атты іс-шарасы аясында 8 орта мектебінде медбике Жолдыбаева А. 3сын. оқушылары арасында "ЖРВИ,тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу" жөнінде дəріс оқып, ақпараттар берілді
Тәні саудың жаны сау
24.10.2018
Ағымдағы жылдың қазан айының 15 жұлдызында 8 орта мектеп медбикесі Хасен С. мұғалімдер арасында " Тәні саудың жаны сау", " Сүт безі обырының алдын алу" жөнінде дəрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дұрыс тамақтану
01.10.2018
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 жұлдызында 3 орта мектебінің медбикесі Кенжебаева А. 2-5 сынып оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану", " Салауатты өмір салтын ұстанамыз" тақырыбында дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.