Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны стационарлық, стационаралмастыратын (күндізгі стационар) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалық, амбулаториялық) көрсететін, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмек аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсететін Кәсіпорын болып табылады.
Аурухананың жапы төсек қоры 90 төсекті құрайды, оның ішінде тәуліктік стационар 60 төсек орынды және 30 күндізгі төсек орынды (оның ішінде 15 төсек орын емхана деңгейінде орналасқан) құрайды.
Аурухана құрамында жалпы хирургия бөлімшесі, аналлар босану бөлімшесі, балалар соматикалық аурулары бөлімшесі, терапия бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі дәне жансақтау бөлімшесі бар.
Жетібай ауылында орналасқан емхана жобалық қуаты ауысымында 150 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 15 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Мұнайшы және станса Жетібай ауылында дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысы ауысымына 50 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 5 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Аурухана басшысы: директор Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич.
Жетібай ауылдық ауруханасында барлығы 29 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі жоғарғы санатты, 2-уі бірінші санатты, ал 1 дәрігер екінші санатты.
Барлық жұмыс жасайтын медбикелер 114, оның ішінде, 33 медбике жоғарғы санатты, 5 медбике бірінші санатты.
2025-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар
Пресс-релиз
07.09.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің " Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" 31.10.2017ж. 689 қаулысымен 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген.
Күнделікті тиімді тамақтану пирамидасы
28.08.2018
Емханада акушерка Тоқтағанова Қ., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. жүкті аналар арасында "Күнделікті тиімді тамақтану пирамидасы " атты тақырыпқа дəріс оқып, кеңестер берді. Ақпараттық материалдар таратылды.
Вирустық гепатиттердің алдын алу
23.08.2018
Емханада шілде айының 19 жұлдызында медбикелер Даулбаева Ф., Тұрғанбаева М. Сағындық Н., Қосмамбет Г. тұрғындар арасында " Вирустық гепатиттердің алдын алу " жөнінде дəрістер оқылып, түсіндіру шараларын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.
Емізу - бала салығының негізі
23.08.2018
Ағымдағы жылдың тамыз айының 2 жұлдызында ата-аналар арасында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., "Емізу- бала салығының негізі ", " Емізудің артықшылығы " атты тақырыптарға дəрістер оқып, кеңестер берді.