Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны стационарлық, стационаралмастыратын (күндізгі стационар) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалық, амбулаториялық) көрсететін, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмек аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсететін Кәсіпорын болып табылады.
Аурухананың жапы төсек қоры 90 төсекті құрайды, оның ішінде тәуліктік стационар 60 төсек орынды және 30 күндізгі төсек орынды (оның ішінде 15 төсек орын емхана деңгейінде орналасқан) құрайды.
Аурухана құрамында жалпы хирургия бөлімшесі, аналлар босану бөлімшесі, балалар соматикалық аурулары бөлімшесі, терапия бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі дәне жансақтау бөлімшесі бар.
Жетібай ауылында орналасқан емхана жобалық қуаты ауысымында 150 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 15 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Мұнайшы және станса Жетібай ауылында дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысы ауысымына 50 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 5 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Аурухана басшысы: директор Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич.
Жетібай ауылдық ауруханасында барлығы 29 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі жоғарғы санатты, 2-уі бірінші санатты, ал 1 дәрігер екінші санатты.
Барлық жұмыс жасайтын медбикелер 114, оның ішінде, 33 медбике жоғарғы санатты, 5 медбике бірінші санатты.
2025-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар
Дұрыс тамақтану
01.10.2018
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 жұлдызында 3 орта мектебінің медбикесі Кенжебаева А. 2-5 сынып оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану", " Салауатты өмір салтын ұстанамыз" тақырыбында дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.
Отбасын құру мен репродуктивті денсаулық сақтау
17.09.2018
"Дені сау жанұя-дені сау мемлекет". 2018 жылдың қыркүйек айының 11 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. қатысуымен Жетібай ауылы əкімшілігі қызметкерлері арасында "Отбасын құру мен репродуктивті денсаулық сақтау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жол қозғалысы ережелерін білу-қауіпсіздіктің негізі" атты онкүндік өткізілді
13.09.2018
1-10 қыркүйек жол-көлік жарақатының алдын алу онкүндігі аясында Жетібай ауылы 3 мектепте медбике Кенжебаеа А. 10 сынып оқушылары арасында "Жарақаттанудың алдын алу " жөнінде дəріс оқылып, түсіндіру шараларын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.
Денсаулық сандарына жет
10.09.2018
2018 жылдың қыркүйек айының 8 жұлдызында "Денсаулық фестивалі " аясында Жетібай ауылы 3 мектепте медбике Кенжебаева А., денешынықтыру мұғалімі Өтебаев Р.