Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны стационарлық, стационаралмастыратын (күндізгі стационар) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалық, амбулаториялық) көрсететін, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмек аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсететін Кәсіпорын болып табылады.
Аурухананың жапы төсек қоры 90 төсекті құрайды, оның ішінде тәуліктік стационар 60 төсек орынды және 30 күндізгі төсек орынды (оның ішінде 15 төсек орын емхана деңгейінде орналасқан) құрайды.
Аурухана құрамында жалпы хирургия бөлімшесі, аналлар босану бөлімшесі, балалар соматикалық аурулары бөлімшесі, терапия бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі дәне жансақтау бөлімшесі бар.
Жетібай ауылында орналасқан емхана жобалық қуаты ауысымында 150 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 15 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Мұнайшы және станса Жетібай ауылында дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысы ауысымына 50 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 5 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Аурухана басшысы: директор Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич.
Жетібай ауылдық ауруханасында барлығы 29 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі жоғарғы санатты, 2-уі бірінші санатты, ал 1 дәрігер екінші санатты.
Барлық жұмыс жасайтын медбикелер 114, оның ішінде, 33 медбике жоғарғы санатты, 5 медбике бірінші санатты.
2025-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар
Рухани жаңғыру ақпарат
04.12.2017
"Рухани Жаңғыру" ақпараттық-насихаттау керуені өту шарасы аясында Жетібай ауылы мəдениет үйінде отбасы дəрігері Бисемберген Қ.С., тұрғындарды қабылдады.
Президент күні мерекесі
04.12.2017
1.ҚР Əкімшілігінің 06.11.2017ж келген 12076-Д//17-32-26.327 хатына сəйкес, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы
«Созылмалы жүрек жетіспеушілігі» атты тақырыпта семинар өткізді
04.12.2017
Жетібай емханасында дәрігер Бисемберген Қ.С.есепте тұрған тұрғындар арасында «Қант диабетінің асқынулары» атты тақырыпта семинар өткізді.
"Бүкіләлемдік антибиотиктерді дұрыс пайдаланудың апталығы " аясында "Ашық есік күні "
04.12.2017
Емханада дəрігерлер Бекбаев Б.О, Жаңашақызы Г. медбикелер Даулбаева Ф, Кабулова А., Сатаева Қ. тұрғындар арасында "Бүкіләлемдік антибиотиктерді дұрыс пайдаланудың апталығы " аясында "Ашық есік күні " өткізілді.