Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны стационарлық, стационаралмастыратын (күндізгі стационар) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалық, амбулаториялық) көрсететін, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмек аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсететін Кәсіпорын болып табылады.
Аурухананың жапы төсек қоры 90 төсекті құрайды, оның ішінде тәуліктік стационар 60 төсек орынды және 30 күндізгі төсек орынды (оның ішінде 15 төсек орын емхана деңгейінде орналасқан) құрайды.
Аурухана құрамында жалпы хирургия бөлімшесі, аналлар босану бөлімшесі, балалар соматикалық аурулары бөлімшесі, терапия бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі дәне жансақтау бөлімшесі бар.
Жетібай ауылында орналасқан емхана жобалық қуаты ауысымында 150 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 15 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Мұнайшы және станса Жетібай ауылында дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысы ауысымына 50 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 5 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Аурухана басшысы: директор Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич.
Жетібай ауылдық ауруханасында барлығы 29 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі жоғарғы санатты, 2-уі бірінші санатты, ал 1 дәрігер екінші санатты.
Барлық жұмыс жасайтын медбикелер 114, оның ішінде, 33 медбике жоғарғы санатты, 5 медбике бірінші санатты.
2025-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар
АИТВ-ның алдын алу#Мен қолдаймын
12.12.2016
Жетібай,Мұнайшы селоларында 2016жылдың 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында Бүкіләлемдік ЖИТС –ке қарсы күрес күніне арналған «АИТВ-ның алдын алу#Мен қолдаймын» ұранымен өткізілген айлық өткізілді.
Темекі шегудің алдын алу
28.11.2016
2016 жылдың 15 қарашада емханада медбикелер Гарипова А., Қилыбаева Н. тұрғындар арасында «Темекі шегудің алдын алу», «Темекінің адам ағзасына зияндылығы» атты тақырыптар бойынша дәрістер оқып, кеңестер берді
Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғыл-маушылықтың алдын алу
28.11.2016
2016 жылдың 25 қазанында №8 мектепте мұғалімдермен аналардың қатысуымен акуш.гин. Мырзакулова Д.С., СӨСҚ мед-сі Даулбаева Ф., қыз балалар арасында «Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғыл-маушылықтың алдын алу» атты акция өткізілді.
Инфаркт миокардтың алдын алу
21.10.2016
2016 жылдың 20 қыркүйекте Жетібай емханасында медбикелер Даулбаева Ф., Қосмамбет Г. тұрғындар арасында жүрек қан айналымы жүйесінің алдын алу мақсатында «Инфаркт миокардтың алдын алу », «Жүректің ишемиялық ауруларының алдын алу»тақырыптары бойынша лекциялар оқып, кеңестер берді.