Аурухана туралы
Біздің ресми Веб сайтымыздың бетшесіне қош келдіңіздер!
Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!
Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны стационарлық, стационаралмастыратын (күндізгі стационар) және алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалық, амбулаториялық) көрсететін, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмек аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет көрсететін Кәсіпорын болып табылады.
Аурухананың жапы төсек қоры 90 төсекті құрайды, оның ішінде тәуліктік стационар 60 төсек орынды және 30 күндізгі төсек орынды (оның ішінде 15 төсек орын емхана деңгейінде орналасқан) құрайды.
Аурухана құрамында жалпы хирургия бөлімшесі, аналлар босану бөлімшесі, балалар соматикалық аурулары бөлімшесі, терапия бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі дәне жансақтау бөлімшесі бар.
Жетібай ауылында орналасқан емхана жобалық қуаты ауысымында 150 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 15 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Мұнайшы және станса Жетібай ауылында дәрігерлік амбулаториялардың әрқайсысы ауысымына 50 науқас қабылдауға арналған жалпы тәжірибелік дәрігерлер учаскелерден және 5 терапиялық бейінді күндізгі стационарлық төсек орыннан тұрады.
Аурухана басшысы: директор Казыбаев Бериккали Дуйсембаевич.
Жетібай ауылдық ауруханасында барлығы 29 дәрігер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі жоғарғы санатты, 2-уі бірінші санатты, ал 1 дәрігер екінші санатты.
Барлық жұмыс жасайтын медбикелер 114, оның ішінде, 33 медбике жоғарғы санатты, 5 медбике бірінші санатты.
2025-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар
4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне
02.06.2017
2017 жылдың 2-ші маусымында Жетібай ауылдық ауруханасында , емханасында «4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне » орай медицина қызметкерлерімен салтанатты түрде шара өткізілді.
Шара атауы: Халықаралық отбасы күні
22.05.2017
Жетібай ауылдық емханасында Халықаралық отбасы күні аясында « Отан-отбасыдан басталады» тақырыбында тұрғындар арасында дәрігер акушер-гинеголог Мырзакулова Д.С.
Шара атауы: «Мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жарақат-танудың алдын алу жөніндегі»
27.04.2017
Шараның мақсаты: Мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жарақаттанудың алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттілігі туралы ақпараттандыруды арттыру , жол ережелерін қатаң сақтап мүгедектіктің алдын алу.
Жүктілікті жоспарлау
05.01.2017
2016 жылдың 05 желтоқсанда емханада, балалар бөлімшесінде акушерка Тоқтағанова Қ., Торғаева А.,Есмағанбетова Ш. жастар мен емделушілер арасында « Жүктілікті жоспарлау »