Сүт безі, жатыр мойыны, асқазан, өңеш және ішектің қатерлі ісіктерінің алдын алу
1. Қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында Жетібай ауылдық емханасында дәрігерлер Дүйсенбаев А.С., Мырзакулова Д.С., Кульбаева Г. С., Елеуова А.А., акушерка Мұрынбаева Н., және медбикелердің қатысуымен тұрғындар арасында "Сүт безі, жатыр мойыны, асқазан, өңеш және ішектің қатерлі ісіктерінің алдын алу" жөнінде "Ашық есік" күні өткізілді. Шараның мақсаты: Қатерлі істікті ерте анықтау, дұрыс тамақтануға, дене белсенділігін арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дарыту, зиянды әдеттердің алдын алуға, күйзеліске тұрақтылықты қалыптастыруға, скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.