Дені сау дәрігер-дені сау пациент
- Бүгін 07.06.19ж. Жетібай ауылы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде медицина қызметкерлері күніне арналған "Дені сау дәрігер-дені сау пациент" атты акция аясында Жетібай ауылдық аурухана қызметкерлері арасында спорттық шаралар (ерлер арасында шағын фудбол, арқан тарту, 4*100м әйелдер арасында жеңіл атлетикадан эстафета, 800м әйелдерге арналған жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, шахмат ) ұйымдастырылды. Шараға ардагер дәрігер А.С.Дүйсенбаев, бас медбике Арқабаева С.Б., аға медбике Сатаева Қ., спорт мектебінің басшысының м.а.Шакиева А., тренер Шыңғыс Е., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. қатысып әділ төрелік жасап, жеңіске жеткен командаларды дипломдармен марапаттап, медальдар тақты. Бүгінгі шарада жеңіске жеткен әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын!
#Денісаудәрігерденісаупациент
#Денсаулықзорбайлық
#Шынықсаңшымырболасың
Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.