• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Гинекология

Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы ауру деген не?

         Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы ауру (ЖБЖА) – бұл өте күрделі мәселе, одан ешкім де алдын ала сақтандырыла алмайды. Ол аурулар көп жағдайда қатты ауыртып, организмді ауыр жағдайға ұшыратты.

         Кейбір аурулар тек қана жыныс жолын зақымдайды, ал басқалар (ВИЧ, гепатит, В, С, Д, мерез сияқты) аурулар барлық ішкі құрылысты зақымдайды,

         Кейде бұл жұқпалы аурулар белгісіз өтеді. Кей жағдайда ол белгілер өз-өзінен жазылып кетеді. Бірақ бәрібір ол жұқпалы аурулар мұқият емделмесе ішкі құрылыста қалып қояды.

           Мұндай жұқпалы аурулар қалай тарайды?

         ЖБЖА – ауру адаммен (қынап, тік ішек, ауыз арқылы) жыныс қатынасын жасағанда жұғады. Кейбір жұқпалы аурулар (ВИЧ, гепатит, В, С, Д, мерез,) қан құю арқылы да жұғады. ЖБЖА ауруын тудыратын микроптарға жылы жер қолайлы. Осы себепті олар ауыз қуысын, артқы ішекті, жыныс жолын (қынап, үрпі, еркектің жыныс мүшесі мен жұмыртқаларын) зақымдайды.

                                  Не істеу керек?

         Егер жұқпалы ауруды жұқтырдым деп ойласаңыз тез арада тексерілу қажет! Ондай ауру өз-өзінен жазылып кетеді деп үміттенбеңіз. Ол ешқашан олай болмайды.

         Барлық қалаларда жұқпалы ауруды емдейтін жеке меншік те, мемлекеттік те емдейтін мекемелер бар. Сіз жұқпалы аурудан өзіңізді өзіңіз өте жайсыз сезінесіз. Мүмкін сіз дәрігерге немесе ауруханаға баруға ұялатын шығарсыз. Бірақ сіз сонда да мінбетті түрде емделуге тиіссіз. Бұл жұқпылы аурудан құтылудың бірден бір жолы. Жұқпалы аурулардың көп түрі жазылады. Тек қана дәрігердің айтқанын мүлтіксіз орындау керек. Қайткен күнде де емделудің толық курсын өтеу керек.

         Тағы да өзіңіздің кездескен адамыңызбен сөйлесу керек. Егер екеулеріңіз де емделмесеңіздер, қайтадан бір-біріңізге жұқтыруларыңыз мүмкін.

Не нәрсеге көңіл бөлу керек?

         Әйелдерде:

  • Жыныс жолынан иісі жаман сұйықтықтар ағады.
  • Іштің төменгі жағы аурады.
  • Етеккір аралығында қан аралас сұйық ағады.
  • Жыныс қатынасы кезінде қынаптың түбі аурады.

Ерлерде

  • Жыныс мүшесінен ірің ағады. 

Әйелдер мен ерлерде

  • Жыныс мүшелерінде, артқы зәр жолы маңайында немесе ауызда жаралар, кеуілдірлер, сыздауықтар шығады.
  • Кіші дәрет немесе үлкен дәрет кезінде ашиды немесе аурады.
  • Зәр шығару бұрынғысынан жиілейді.
  • Жыныс мүшелері қышиды.
  • Шаптағы ісік.
  • Өңеш ауырып, қызарады.
  • Адам жаурап, сүйектері қақсайды.

Егер сіз емделмейтін болсаңыз:

  • Сіз серігіңізге ауруыңызды жұқтырасаыз
  • Одан да ауыр ауруға ұшырауыңыз мүмкін.
  • Ұрпақ беретін мүшелеріңіз зақымдалып, әйелдер де, ерлер де ұрпақсыз қалуы мүмкін.
  • Әйелдер екіқабат немесе босанғанда сәбиіне жұқтыруы мүмкін.

  Өзін қалай қорғауға болады?

  • ЖБЖА өзіңізді қорғаудың ең дұрыс жолы – ол жыныс қатынасына түпеу.

 Егер жыныс қатынасын жасаңыз, онда:

  • Қынап, тік ішек, ауыз жолдарымен жыныс қатынасында латексті презервативті қолданыңыз. Көпшілік жағдайда презеревативтер сізді ЖБЖА-дан қорғайды. Жыныс қатынасын белсенді түрде жасап жүрген әйелдерде, ерлерде де презервативтері болуы тиіс.
  • Презервативті қайтадан қолдануға болмайды!
  • Жыныс қатынасына түспес бүрын серігіңді анықтап қарап шық-бөрткендер, сыздауықтар, қызарғандар немесе ірің ағуы болуы мүмкін. Егер күмәнді бір нәрсе байқасаңыз, жыныс қатынасына түспеңіз!
  • Серігіңіздің бұрынғы қатынастары туралы білуге тырысыңыз, сонымен қатар оның тамыр жолдары арқылы есірткі қабылдамағанын анықтаңыз. Егер оны сенімсіз деп тапсаңыз жыныс қатынасына түспеңіз.
  • Егер сіз жыныс қатынасын жиі жасаңыз-жылына кемінде бір рет тексеріліп тұрыңыз.
  • Егер жұқтыруым мүмкін-ау деп секем алсаңыз сол мезгілде тексеріліңіз. Тіпті ешбір белгісібілінбесе де.
  • ЖБЖА белгілерін біліп алыңыз. Егер сезікті белгілері шықса, міндетті түрде дәрігерге қабылданыңыз.
  • Егер сіз аурырсаңыз, серігіңізде міндетті түрде емделуі керек.
  • Егер сіз ауру болсаңыз қашан толықтай сауыққанша жыныс қатынасына түспеңіз.

Есіңізде болсын, жыныстық қатынастың ең қауіпсіз жолы - өзіңізге адал, тек бір ғана адаммен болу.

 

Акушер – гинеколог: Мырзакулова Д.С.

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев