• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Туберкулездің алдын алу

Туберкулез – жұқпалы инфекциялық ауру, ол туберкулез бактериясының сау адам ағзасына түсуіне байланысты дамиды.Туберкулезге тыныс ағзасы - өкпе жиі шалдығады . Сондай-ақ сирек кездесетін 10% сүйек ,буын,бүйрек, жыныс жолдары- 3% , басқа ағзалар мен мүшелер 1% шалдығады. Туберкулезбен ауырған науқас жөтелгенде , түшкіргенде, қатты сөйлегенде аузынан ұсақ көзге көрінбейтін сілекей бөлшектері бөлініп, 8 сағаттың ішінде сау адам туберкулезді жұқтыруы мүмкін.

   Туберкулездің белгілері :

-  2 аптадан астам жөтелу

- дене қызуының көтерілуі

- кеуденің  шаншуы

- ентігу

- арықтау

- тәбеттің жоғалуы

- түнде терлеу

- жалпы әлсіздік , қажып - шаршау

Туберкулезді кез келген жаста жұқтырып алуы мүмкін, әсіресе ең қауіптісі әйелдердің жүктілік кезімен  туғаннан кейінгі уақыты. Қазіргі уақытта босанған әйелдер перзентханада немесе жергілікті емханасында

 1 ай көлемінде кеуде қуысының флюорографиялық тексеруден өтуі тиіс.

 Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 млн. адам өлімге өлімге ұшырап отырады.

 2003 жылдан бері  Қазақстанда туберкулезге шалдыққан адамдардың саны және де одан қайтыс болған адамдардың саны азайып келеді.

   Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы және туберкулезбен, өкпе ауруларымен Халықаралық күресу Одағы туберкулез ауруын тоқтату үшін медициналық және әкімшілік шаралар біріккен жүйеден тұратын  ДОТС стратегиясын қабылдады.

   ДОТС стратегиясы бес қағидадан тұрады :

  1. Үкімет деңгейінде туберкулезге қарсы мемлекеттік күрес бағдарламасының қабылдануы.
  2. Медициналық мекемелерге туберкулез ауруына күдіктеніп шағымданғандардың бәрінің қақырығын микроскопиялық тексеру арқылы туберкулезбен ауратындарды анықтау.
  3. Емді тәртіп бойынша тікелей қадағалап 6-8 ай бойы жүргізу.
  4. Туберкулезді емдейтін негізгі дәрілермен дер кезінде және үздіксіз қамтамасыз ету.
  5. Аурудың әрбір емінің және туберкулезге қарсы бағдарламаның нәтежесін бағалау үшін анықталған және емделген ауруларды жүйелі түрде тіркеп есепке алу.

 Туберкулез емделеді :

  • дер кезінде дәрігерге көрінсеңіз
  • дер кезінде тексерілсеңіз
  • медицина қызметкерлерінің бақылауымен дертті үзбей емдесеңіз

Туберкулездің емі екі кезеңнен тұрады және кезең арасында емді ешқашан үзуге болмайды.

  • Бірінші кезең –  қарқынды  емдеу. Бұл кезеңде ауырған адам 2-3 ай бойы ауруханада жатып 4-5 түрлі дәріні қабылдайды.
  • Екінші кезең –  демеуші кезең жалғасады яғни ол науқас дәрінің 2-3 түрін үзіліссіз тағы 4-5 ай, кейде 7 ай қабылдайды.

Туберкулездің алдын алу шаралары:

  • жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау ( қолдарды, ыдысты жуу құралдарын пайдаланып, ағынды сумен жуу,тұрғын жайларды үнемі дымқыл шүберекпен сүртіп, тазалау және желдету, қақырықты немесе түкірікті еденге немесе жерге түкірмеу). Жөтелетін әрбір науқас қақырықты арнайы контейнер - түкіргішке мұқият жинауы қажет 
  • салауатты өмір салты принциптерін ұстану (құнарлы тамақтану, үнемі дене шынықтырумен айналысу, жақсы демалу,темекі шегуден, алкогольден, есірткілерден бас тарту).
  • медицина қызметкерлерінің ұсынысы бойынша флюорографиялық тексеруден өту, БЦЖ вакцинациясын өткізу.

Бұл көрсетілген шаралар аурудың отбасы мүшелерін әсіресе балаларын , сондай-ақ туыстарын, достарын,ұжымын және басқада қоғам мүшелерін туберкулезді жұқтырып алудан немесе осы аурумен ауырып қалудан сақтайды.

Жетібай аудандық ауруханасы

Күндізгі стац. дәрігері

 Анетова К.К.

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев