• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Грипп профилактикасы

Грипп - бұл ауа тамшылы жолмен берілетін жедел жұқпалы дерт. Грипптің сойқандығы  оның асқынуларында. Балалар үшін грипп ерекше қауіпті.

Әрбір күз және қыс айларында әдеттегідей грипптік жұқпалы дерт бой көтереді. Мектеп ұжымдарында грипп профилактикасы шараларын орындау ерекше маңызды.

Гриппті сізбен тығыз қарым-қатынастағы науқас адамнан жұқтырып алуға болады.Жұқтыру сәтінен бастап аурудың алғашқы белгі-лері өте тез  бірнеше сағатта пайда болуы  мүмкін.

Індет  кезіндегі  профилактикалық шаралар:

*Әрбір 2 сағат сайын мұрын шырышты қабаттарын оксолин мазімен майлап отырыңыз.

* Медициналық маска тағып жүріңіз. Әрбір 2сағат сайын ауыстыр-ып отыру үшін ондай маскалар әр адамда кем дегенде 3 данадан болуы  қажет.

   Маскалардың күн сайын  жуылып, екі жағынан өтектеліп отыруын қадағалаңыз .                                                                  

* Оқу бөлмелерін және кабинеттерді кем дегенде әр ауысымда 2 рет желдетіп отыруыңыз қажет.

* Оқу бөлмелерін және кабинеттерді шамасы келгенше жиі ылғал-дап  жуып отырған жөн.

* Пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш, және де С витаминіне бай ( орам-жапырақ,қара қарақат, бүлдірген,лимон, апелсин,итмұрын, болгар бұрышы) тағам өнімдерін тұтыныңыз.

*  Грипптің алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақыртыңыз.

*  Грипп белгілері бар науқасты үйінде оқшаулаңыз.

Грипптің алғашқы белгілері:

  • Дене қызуының 39,0 гр-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі;
  • Бұлшықеттердің және сүйектердің сырқырауы ;
  • Бас ауруы;
  • Әлсіздік, тез шаршағыштық;
  • Түшкіру және құрғақ жөтел;
  • Көздерінің қызаруы;

Профилактиканың ең тиімді әдісі індет басталмастан бұрын гриппке  қарсы егу жүргізу (қыркүйек-қазан айлары)

Балаларды егу емдеу мекемелерінде  дәрігердің тексеруінен және рұқсатынан кейін жүргізілгені дұрыс.

Өзіңізді және отбасыңызды  ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады!

ЖРВИ мен тұмау – бұл тыныс алу жолдарының, вирустар туындататын ең көп таралған аурулары. Олар науқас адамнан ауа – тамшы жолымен жұқтырылады.

Негізгі белгілері: мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың  қырылдауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық еттердің ауырсынуы және т.б.

ЖРВИ мен тұмау балаларда құсумен, іш өтумен, тыныс алуының қиындауымен білінуі мүмкін.

Балалардың, жүкті әйелдер мен қарттардың ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануына жол бермеу ісіне баса назар аудару керек!

ЖРВИ мен тұмау ауруы көбейген кезеңде ауру жұқтырудан  қалай сақтануға және қалай асқындырмауға болады :

  • Обасында, жұмыста ауру адам бар болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек.
  • Мұрынның сілемейлі қабатын, әсіресе үйден шығар кезде оксалин майымен майлау керек 
  • Адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек (вокзал,әуежай,қоғамдық көлік, супермаркет, балабақша мен мектеп )
  • Қатты тоңбау, ауа райына байланысты киім кию керек
  • Ең алдымен балаларға, жүкті әйелдер мен қарттарға дер кезінде дәрігердің кеңесіне сәйкес , тұмаудан қорғайтын вакцина жасау керек!
  • ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының болуы (термометр,бетперде,аскорбин қышқылы, интерферон, оксолин майы, мұрынға тамызатын тұзды  ерітінділер және басқа! )
  • Жеке тазалықты сақтау, қолды жиі жуу
  • Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп, үй- жайды желдетіп отыру керек ( күніне 3 реттен жиілетпей )

ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері білінген кезде дереу дәрігер шақырту керек.

ЖРВИ мен тұмау иммунтеті  әлсіреген жүкті әйелдерді түрлі асқынушылықтарға душар етуі мүмкін екенін есте сақтаңыз ( бронхит, пневмония, мерзіміне жетпей босану).

Тек дәрігер ғана Сізге жеке тексеру барысында ем тағайындай алады!

Өз бетіңізше емдеумен айналыспаңыз, ол Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.

Өзіңіздің және отбасыңыздың  денсаулығын сақтаңыз!

Орындаған: медбике Даулбаева Ф.Т.

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев