• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Адамның иммунды тапшылық вирусы

А – адам

И – иммун

Т – тапшылығының

В –  вирусы 

АИТВ - бұл адамның індеттерден қорғануға жауап беретін қорғаныш жүйесін зақымдайтын вирус.

Ж - жұқтырылған И - иммун Т - тапшылығының С – синдромы

ЖИТС – АИТВ-ны жұқтыру салдарынан пайда болған аурудың соңғы сатысы. ЖИТС туралы егер қорғаныш жүйесі түйіршіктерінің жойыла бастауына байланысты, күнделікті жағдайда адамдар ауыра қоймайтын микробтар шақыратын аурудың ауыр түрі туындаған кезде айтылады. 

Олар АИТВ-ны ашты

Эпидемиологиялық мәліметтер

АИТВ адамнан адамға беріледі (антропоноз)

Мұздатылған жағдайда және сұйық ортада ұзақ сақталады.

Қоршаған ортада төзімсіз - 56*С-ға дейін қыздырғанда 30 минуттан соң АИТВ-ның мөлшері 100 есе азаяды, 70 – 80*С 10 минуттан соң күшін жояды

Дезинфекциялық заттарға сезімшіл:

Хлорапин

Бриллиантовый рай

0,5% гипохлорит натрий ерітіндісінде 1 минут ұстау вирустың күшін жоюға жеткілікті

АИТВ-ның құрылымы


Диаметрі 100—120 нм, шар тәріздес бөлік.

Құрамында  РНК, (кері транскриптаза, интеграза, протеаза) ферменттері және белоктар бар.

РНК молекуласы (сыртқы - gp120 және трансмембраналық - gp41) 

Эпидемиологиясы:

•Инфекция көзі  -науқас адам немесе вирус тасымалдаушысы
•Жұғу жолы
•Жыныстық қатынас
•Қан арқылы
•Анадан балаға
•Қауіп-қатер топтары
•Гомосексуальдар
•Жезөкшелер
•Нашақорлар
•Қан реципиенттері
Жұғу жолдары

     Ауру адамның қанына АИВ-тің өтуі нәтежесінде дамиды.
Қазіргі таңда:

  • жыныстық қатынас арқылы
  • тазаланбаған ине, шприц арқылы
  • қан және оның препараттарын құйғанда
  • мүшелер трансплантациясы кезінде
  •  анасынан баласына өтуі мүмкін ( плацента тосқауылы арқылы, емшек сүтімен).

    АИВ   инфекциясымен    күрестің  ең бастысы   шарасы оның таралуына кедергі жасау.
Санитарлық -ағарту жұмысына баса  назар аудару  қажет. АИВ инфекциясының таралуына қарсы куресте тест жүйелерді пайдаланудың маңызы зор.

Қазіргі кездегі АИТВ/ЖИТС туралы қолданыстағы құқықтық-нормативтік құжаттар:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қараша №1280 қаулысы. “Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидалары.”
  • ҚР ДСМ 18.04.2012 жылғы №272 бұйрығы “АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу туралы.”
  • ҚР ДСМ 28.07.2010 жылғы №552 бұйрығы “АИТВ-инфекциясын анықтаудағы медициналық тексеру ережелері туралы.”

Адамдарда АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексеру мақсаттары:

1) АИТВ-инфекциясының диагнозын қою;

2) Қан құюды және оның компоненттерінің,трансплантацияның және жасуша технологияларының инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) АИТВ-инфекциясының тіке берілу жолының профилактикасы;

4) Эпидемиологиялық мониторинг жүргізу: эпидемияны болжау,профилактикалық іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау үшін халықтың жекелеген топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейін бағалау.

Адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық айғақтар  бойынша тексеру белгілі бір аурулар, синдромдар мен симптомдар анықталған адамдар (ересектер және балалар) жатады.
Сондай-ақ Адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына белгілі бір эпидемиологиялық айғақтар бойынша тексереді.

Ал, Адамдарды кейіннен қатты фазалық иммундық-ферментті талдау арқылы АИТВ-инфекциясының болуына клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша жедел-тестпен белгілі бір топтар ғана тексереді.

    Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

    Н.А. Назарбаев