• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Бос жұмыс орыны

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жетібай ауылдық ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымына конкурс өткізу туралы

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, №100 ғимарат, (электрондық пошта – supuzmang@gmail.com)) Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жетібай ауылдық ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын)  директорының бос лауазымына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды: 

  1. Конкурс өткізу күні мен орны: 24 сәуір 2025 жыл, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, №100 ғимарат.
  2. Кәсіпорынның орналасқан орны: Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, № 670 құрылыс.
  3. Кәсіпорынның  негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыру, азаматтардың ауруларын диагностикалау мен емдеу, облыс тұрғындарына мамандандырылған,  тиімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, азаматтардың денсаулығын нығайту;

  1. Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

- Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

- Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

- Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

- Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

- Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

- Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

- Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

5.1. Білуі керек:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

- қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

- медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;

- денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;

- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;

- отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;

- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

5.2.  Біліктілікке қойылатын талаптар:

- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);

- немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

- немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

- басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26 бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес:

1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;

2) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.

  1. Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыққа тартылу (тартылмау) туралы құжат

          Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер электрондық почта мекенжайына (supuzmang@gmail.com) құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады. Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 15 сәуір 2025 жыл.

Үміткерлердің кокурсқа қатысу бойынша құжаттары Конкурстың комиссиямен қаралған соң және құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда конкурс үміткері әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, №100 ғимарат  мекенжай бойынша жіберіледі.

Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау

Анықтама үшін телефон нөмірлері:  +7 778 254 5022 (Төлеген Темірлан Нұрланұлы – Конкурстық комиссия хатшысы)

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев