• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Жүкті әйелдер анемиясы

Анемия  дегеніміз - адам организміндегі қан мөлшерінің қалыпты  жағдайдан төмен болуы. Әсіресе, жүкті әйелдердің 80-90%-ке жуығы анемиямен ауырады.

Анемия жиі әрі қосалқы ауру ретінде кездеседі. Сондықтан бала көтермей тұрып, организмдегі қан мөлшерін біліп алып,ол аз болса,алдын-ала емделіп барып,жүктілікті жоспарлап алған жөн.

Себебі жүктілік кезінде ұрық пен бала жолдасының дамуына организмде темірдің жоғары деңгейде болуы талап етіледі. Әдетте жүкті әйелдерді дәрігер-гинеколог есепке алғаннан кейін барлық анализдері тапсырылады. Қан мөлшерін анықтайды. Соған сәйкес ем-дом жасалады.

Анемия клиникасы  көбіне  симптомсыз өтеді.Тез шаршағыштық, шаш түсуі, тырнақ сынғыштық, бас айналу, ауыз айналасының тілінуі, бұрмаланған тәбет, яғни, бор, құм жеу пайда болады. Жүкті әйелдер емделсе, бұның бәрі жойылады. Ал,ең ауыр дәрежедегі анемияда организмге қан құюға тура келеді.

Жалпы ,қан құю – бұл да бір операция – мүше трансплантациясы.Кейбір жүкті әйелдер дәрігерлік есепке барып тұрады.Кейде,тіпті,есепке тұрмайды да.

Сондай-ақ,жиі әрі көп жүкті болатын әйелдер кездеседі,ал оларда көбіне анемия созылмалы түрде болады.

Жүкті әйелдердегі  кездесетін анемияны жүктілік кезінен босану уақытына дейінгі аралықта емдеп үлгерген жөн.Себебі жиі кездесетін акушерлік патологиялар қан келуімен бірге жүреді.Айталық,түсік бала жолдасының уақытынан бұрын ажырауы,гипотониялық қан кету,әр түрлі босану кезіндегі жыртылыстар,босанғаннан кейінгі жатыр жиырылуы т.б.

Мұның бәрі организмдегі қанның мөлшерлеріне тікелей байланысты.Ал, онсыз да төмен қан мөлшері салдарынан организм бұл жағдайларда әлсірейді.Сондықтан,осындай ауыр халге ұшырамау үшін жүктілік кезіндегі қан мөлшеріне барынша назар аударып,көңіл бөлген жөн.Жалпы,емдеу жолдары мынадай :қазіргі кезде анемия емдейтін препараттар өте көп.Дәрігер тағайындаған дәрілерді мұқият ішкен жөн.Сонымен қатар темір тағам арқылы организмге түседі.Сондықтан рационға құрамы темірге бай тағамдарды қосқан дұрыс, мәселен, кепкен өрік, фасоль, сиыр бауыры, тілі, асбұршақ, гречка, балық, балық уылдырығы, қызылша, ет, бал тағамдарының анемияның алдын алуда пайдасы орасан.                                                                                         

 

«Жетібай емханасы»

Дәрігер-гинеколог. Мырзакулова Д.С.

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев