• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Емізу - бала салығының негізі

1. Ағымдағы жылдың тамыз айының 2 жұлдызында ата-аналар арасында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., "Емізу- бала салығының негізі ", " Емізудің артықшылығы " атты тақырыптарға дəрістер оқып, кеңестер берді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді. Шараның мақсаты: əйелдерді бала денсаулығы үшін емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру. Емізу- нəрестені тамақтандырудың ең үздік тәсілі, баланың дұрыс дамуы үшін нəрлі элементтерден тұратын сəбиге арналған ең жақсы тағам жəне кең таралған балалар ауруларынан баланы қорғауға көмектесетін антидене екендігін түсіндіру.

2. Ағымдағы жылдың тамыз айының 6 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен дəрігер Бекмуханбетова Н.Ж., отбасы медбикелері Қонысбаева А., Амирова А. аналар арасында " Емізудің артықшылығы мен маңыздылығы", "Дұрыс емізу ережесі 4,3,4" жөнінде дəрістер оқылып , "Ашық есік күні " өткізілді.

3. Ағымдағы жылдың тамыз айының 7 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен перзентханада, емханада медбикелер Орынбасарқызы У., Сатаева Қ., Сағындық Н. аналар арасында" Емізудің артықшылығы мен маңыздылығын түсіндіру ", "Дұрыс емізу ережесі 4,3,4" жөнінде дəрістер оқылып , түсіндіру шараларын жүргізді.

4. Емханада отбасын жоспарлау, жас аналар жөніндегі мектептерде болашақ ананың баланы емізуін ынталандыру және ұстамдылыққа қалыптастыруға, болашақ әкелердің, туыстар мен жақындардың бала емізетін әйелдерге қолдау көрсетулеріне бағытталған баланы емізу туралы білім деңгейін арттыру мақсатында медицина қызметкерлері ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

5. Ағымдағы жылдың тамыз айының 9 жұлдызында отбасы медбикелері Есмағанбетова Ш., Кабулова А. Насипова Б. аналар арасында " Емізудің артықшылығы мен маңыздылығын түсіндіру " , "Емізу -бала саулығының негізі","Дұрыс емізу ережелері" тақырыптарына дəрістер оқып, кеңестер берді.

6. Жетібай ауылының 8 орта мектебі жанындағы "Балауса" жазғы демалыс лагерінде эпидемиолог дəрігер М.Т. Ғалымжанова медбике Тасимова А., лагерь басшысы А.Айтжанова және тəрбиешілердің қатысуымен балалар мен жасөспірімдер арасында жеке бас тазалығын сақтауға және дене белсенділігін арттыруға  "Дұрыс жəне тиімді тамақтану дағдыларын қалыптастыру  және күнделікті жаттығулар жасау" жөнінде дəрістер оқылып,  флэшмоб ұйымдастырылды.  75 бала саны қамтылды.

7. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм»  желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара  аясында ақпараттық материалдар таратылды.

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев