• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Артериялық гипертонияның пайда болу қауіп-қатер факторлары

1. Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз! Ағымдағы жылдың мамыр айының 14 жұлдызында отбасы дəрігері Маканбаева К. медбикелер Мырзатаева Ғ, Даулбаева Ф., Кабулова А., Сағындық Н., Ешимова Г емханаға тұрғындар арасында "Артериялық гипертонияның алдын алу ", "Артериялық гипертонияның пайда болу қауіп-қатер факторлары", "Өз қан қысымыңды біл", "Темекі шегудің алдын алу ", " Ішімдікті шамадан тыс қолданудың алдын алу " аттытақырыптарға дəрістер оқылып, "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Ақпараттық материалдар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Шараның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарына басты назар аудара отырып, жоғары артериялық қан қысымына шалдығудың себебі мен салдарына қатысты нысаналы топтағы барлық халықты ақпараттандыруды арттырып, артериялық қан қысымын бақылау мен алдын алу шараларына назар аударып,артериялық гипертонияны өзіндік басқару дағдыларын үйрету.

2. Мектептерде мамыр айының 11-14 жұлдыз аралығында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен мектеп медбикелері Кенжебаеа А. , Маденова Қ, Шүйішбекова С. , Жолдыбаева А. және мұғалімдердің қатысуымен  оқушылар және ата-аналар арасында "Темекі шекпе-бұл денсаулыққа зиян ", "Өз қан қысымыңызды біліңіз! ", Дұрыс тамақтану», «Дене белсенділігі» , «Балалар арасында артериялық гипертонияның алдын алу»тақырыптарына дəрістер оқып , кеңестер берді. Ақпараттық материалдар таратылды.

3. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында,    « Фейсбукта », «Инстаграм»  желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара  аясында ақпараттық материалдар таратылды.

 

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев