• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Бағдаршам ережесін сақтан!

1. Қауіпсіз өмір ! Дұрыс тамақтану .
Ағымдағы жылдың сəуір айының 4 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 8 орта мектебінде мектеп медбикелері Майлыбай Ə., Жолдыбаева А. мұғалімдердің қатысуымен 2 сын. оқушылары арасында "Бағдаршам ережесін сақтан!", "Қауіпсіз өмір!", " Дұрыс тамақтану " тақырыптарына дəріс оқып, кеңестер берді. 64 оқушы қатысты.

2. Қауіпсіз өмір! Ағымдағы жылдың сəуір айының 13 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3 орта мектебінде мектеп медбикесі Кенжебаеа А. 6 сынып оқушылары арасында "Тұрмыстық және жол жарақаттарының алдын алу" жөнінде дәрістер оқып, кеңестер берді. 41 оқушы қатысты.

3. Емханада оташы дәрігер Абдуллин Д.Е. медицина қызметкерлері арасында « Бала-лардың қауіпсіздігі –біздің міндетіміз! » жөнінде семинар өткізілді. 22 адам саны қамтылды.

4.Ағымдағы жылдың сəуір айының 3 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3 орта мектебінің 5-6 сын. оқушылары арасында мектеп медбикесі Кенжебаеа А. "Жарақаттану дың алдын алу ", Назар аударыңыз бағдаршам!" жөнінде дəрістер оқылып , кеңестер берді. 41 оқушы қамтылды. Ақпараттық материалдар таратылды

5. Ағымдағы жылдың сəуір айының 18 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен дені сау балалар кабинеті медбикесі Тұрғанбаева М. аналар арасында "Дұрыс емізу ережесі 4,3,4", " Жол жəне тұрмыстық жарақаттардың алдын " жөнінде дəріс оқылып , кеңестер берілді. 13 адам саны қамтылды.

6. Емханада және Мұнайшы ДА-да, балабақшада медбикелер Даулбаева Ф., Орынбасарқызы Ұ., Жолдыбаева Г., Ешимова Г., Тоқтағанова Қ., Чекешова А.,Қонысбаева А. , Имашева А.,Бақтыгелдіқызы А., емделуге келген тұрғындар мен есепте тұрған науқастарға және жүкті әйелдер арасында «Жолда жүру ережелері », «Жол және тұрмыстық жарақаттардың алдын алу!» , «Назар аударыңыз бағдаршам !», «Темекі шегудің алдын алу», «Ішімдікті тұтынуды шектеу», «Жол қозғалысы ережелері», «Суға бату, Спинерден жарақат алудың алдын алу», «Улану,биіктен құлау,күюдің алдын алу», «Жәндіктердің шағуы» тақырыптары бойынша дәрістер оқып, кеңестер берді. 10 рет оқылып 137 адам саны қамтылды.

7.Ағымдағы жылдың сəуір айының 10 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 5 орта мектебінде мектеп медбикесі Шүйішбекова С. 1сын. оқушылары арасында " Дұрыс тамақтану жəне тамақтану ережелерін сақтау ", " Жарақаттардың алдын алу" жөнінде дəрістер оқылып, түсіндіру шараларын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. 43 оқушы қатысты.

8. Дұрыс тамақтану -үздік білім алудың жолы!Ағымдағы жылдың сəуір айының 9 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф.,Бақтыгелдіқызы А., Қонысбаева А. балалар арасында " Дұрыс тамақтану жəне тамақтану ережелерін сақтау" , "Жолда жүру ережелерін сақтау" жөнінде дəрістер оқылып, кеңестер берілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

9. Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы! ҚР денсаулық сақтау саласы дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау аясында Жетібай ауылдық ауруханасы СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф ұйымдастыруымен 5 орта мектебінде мектеп медбикесі Шүйішбекова С. 1-2-4 сын. оқушылары арасында " Дұрыс тамақтануға дағдылану", " Жолда жүру ережелерін сақтап, жарақаттардың алдын алыңыз!", " Дене белсенділігін арттырыңыз!" атты тақырыптарға дəрістер оқылып, кеңестер берді. Ақпараттық материалдар таратылды. 86 оқушы қатысты.

10. ҚР денсаулық сақтау саласы дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау аясында, жарақаттың алдын алу дер кезінде медициналық көмек алу қажеттігі туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында Жетібай ауылдық ауруханасының СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен тұрғындар арасында травматолог дəрігер Абдуллин Д.Е., таңу кабинеті медбикесі Карабалина Б. "Жарақаттардың алдын алу " жөнінде "Ашық есік" өткізілді, дəріс оқып, кеңестер берді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

11. Қауіпсіз өмір! Ағымдағы жылдың сəуір айының 20 жұлдызында 3 мектепте травматолог дəрігер Абдуллин Д. Е., мектеп медбикесі Кенжебаеа А. 8сын. оқушылары арасында " Жарақаттардың алдын алу жөнінде " жəне "Алғашқы медициналық көмек " жөнінде семинар-тренинг өткізілді . Мақсаты: Мектеп жасындағы оқушылар арасында дəрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсете білуді үйрету, өмірлеріне деген жауапкершілік пен өзін-өзі сақтайтын мінез құлыққа дағдыландыру. Ақпараттық материалдар таратылды. 14 оқушы қатысты.

 

12. Ағымдағы жылдың сəуір айының 23 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4 орта мектебінде 1сын. оқушылары арасында мектеп медбикесі Тұрақбаева Р. " Жол жəне тұрмыстық жарақаттардың алдын алу ", "Жолда жүргенде сақ бол!" атты тақырыптарға дəрістер оқылып, кеңестер берді. Ақпараттық материалдар таратылды. 75 оқушы қатысты.

 

13. Ағымдағы жылдың сəуір айының 24 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4 орта мектебінде мектеп медбикелері Тұрақбаева Р., Маденова Қ., мектептің ТЖО Халлы қызы Т. қатысуымен 8-9-10-11сын. оқушылары арасында " Жол жəне тұрмыстық жарақаттардың алдын алу жөнінде " , "Алғашқы медициналық көмек көрсете білуді үйрету " жөнінде дəрістер оқылып, акция ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Мектеп жасындағы оқушылар арасында дəрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсете білуді үйрету, өмірлеріне деген жауапкершілік пен өзін-өзі сақтайтын мінез құлыққа дағдыландыру. 85 оқушы қатысты.

 

14. Ағымдағы жылдың сəуір айының 25 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 5 орта мектебінде мектеп медбикесі Шүйішбекова С. қызметкерлер арасында "Иммундаудың тиімділігі жəне маңыздылығы", "Жарақаттардың алдын алу жөнінде " дəрістер оқып, кеңестер берді. Ақпараттық материалдар таратылды. 18 адам саны қамтылды.

14. Емханада травм. дәрігер Тасмұханов Н.Т. тұрғындар арасында «Жарақаттанулардың алдын алу шаралары » тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп кең көлемде мағлұматтар берді. 1- 11 адам саны қамтылды.

15. Мектептерде оқушылар арасында «Мен және менің қауіпсіздігім!» бойынша сурет көрме ұйымдастырылды. 148 оқушы қатысты.

Мектептерде оқушылар арасында «Жарақаттардың алдын алу » жөнінде диктант жұмыстары жүргізілді.

16. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы:Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілерінежарияланып үлгерді.

Шара аясында «Жарақаттану және алдын алу шаралары » видео роликтер теледидардан көрсетілді. 617 адам саны қамтылды.

Айлық аясында ақпараттық материалдар таратылды. 128 бетше таратылды .

 

 

 

 


 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев