• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Жетібай ауылдық емханасында 1 наурыз Алғыс айту күні аясында "Шын жүректен алғыс айтамын" мерекелік шарасы ұйымдастырылып

1.ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 14.01.2016ж. Жарлығына сәйкес, Жетібай ауылдық емханасында 1 наурыз Алғыс айту күні аясында "Шын жүректен алғыс айтамын" мерекелік шарасы ұйымдастырылып, "Ашық есік" өткізілді. Тұрғындарға кеңестер беріліп, қан қысымдары, қандағы қант, холестерин мөлшері өлшеніп, Индекс Кетлесі анықталды. Ақпараттық материалдар таратылды. Шараның мақсаты: Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, бірлік пен достықты нығайту, бір-біріне алғыс айту, жақсы тілектер білдіруі жəне өз денсаулығына деген көзқарасын арттыру. Ақпараттық материалдар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. 1-64.

2. Ағымдағы жылдың наурыз айының 1 жұлдызында "Алғыс айту күні" аясында əлеуметтік қызметкерлері Сәрсенова М., Қауыс О. жəне психолог маманы Игилманова Г. жалғызбасты жəне қарт адамдардың жағдайларын сұрап, дəрі-дəрмектерін апарып берді. Қан қысымдарын өлшеп, алғыс айту мерекесімен құттықтап, психологиялық кеңестер берілді.1-11.

3.ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 14.01.2016 жылғы жарлығына сәйкес, 1 наурыз "Алғыс айту" күні аясында емханада медицина қызметкерлерін СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., психолог Игилманова Г. мерекемен құттықтады. "Шын жүректен алғыс айтамын" тренингі жəне флешмоб ұйымдастырылып, қызметкерлерге жақсы көңіл күй сыйлап, жақсы тілектер білдірді.1-21

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев