• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

"Ашық есік күні "

1-міндет: Емханада акуш.гин. дəрігері Мырзакулова Д.С., Эпид.дəрігер Жаңашақызы Г. , акушерка Елемесқызы Қ., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. қатысумен тұрғындар арасында " Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" орай "Ашық есік күні " ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жастар арасында нашақорлықтың, есірткі қолданудың алдын алу, Республика халқының оның ішінде жастарды АИТВ инфекциясының пайда болуы мен алдын алу , дер ауруды анықтау мен медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, өз денсаулығына деген көзқарасын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру . Ашық есік күні тұрғындарға АИТВ-ның жұғу жолдары, берілуі, белгілері нақты түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылды. 1-47.

ҚР Əкімшілігінің 06.11.2017ж келген 12076-Д//17-32-26.327 хатына сəйкес, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін айшықтау мақсатында Жетібай ауылдық емханасында 2017 жылдың 30 қарашасында дəрігер Жаңашақызы Г., медбикелер Мырзатаева Ғ., Тұрғанбаева М. қатысуымен"ЖИТС-ке қарсы күрес күні" тақырыбымен тұрғындар арасында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың қан қысымдары өлшенді. Бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды. 49 адам саны қамтылды.

2-міндет: Емханада эпид.дәрігері Жаңашақызы Г. медицина қызметкерлері арасында «АИТВ/ЖИТС жұқпасының түсініктемесі,жұғу жолдары, алдын алу шаралары»  жөнінде семинар өткізді. 1-35.                                                                       

Аудандық «Қарақия»  газетінің 16 қарашадағы №61-62 санында эпид.дәрігер Жаңашақызының «Ғасыр індетінен қалай қорғанамыз?» атты мақаласы жарық көрді.

3-міндет: №4 орта мектебінде эпидемиолог дəрігері Г.Жаңашақызы, СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., медбикелер Маденова Қ., Тұрақбаева Р., ТЖО Ұ.Мұқашева, мұғалімдер Ж.Нұрым, Ж.Қуанай, Н.Нұрғали, Б.Қуандық қатысуымен 9,10,11 сынып оқушылары арасында "АИТВ-инфекциясы жəне ЖИТС" жөнінде дəріс оқылып,акция ұйымдастырылды. Негізгі мақсат: Оқушылар арасында нашақорлық, АИТВ-инфекциясының алдын алу өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілік, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру туралы ақпараттылық деңгейін арттыру жəне салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Видеоролик көрсетілді.1-109.

№3 мектепте эпид. дəрігер Жаңашақызы Г., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., мектеп медбикесі Кенжебаева А. қатысуымен 9 сынып оқушылары "Рухани жаңғыру", "Болашақ" , "Денсаулық" топтары арасында "АИТВ- жөнінде не білесіз!" тақырыбына пікірталас ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: АИТВ-ның алдын алу , ұрпағымыздың өз денсаулығына деген көзқарасын арттырып салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шара барысында слайдтар көрсетіліп, түсіндірілді. Ақпараттық материалдар таратылды. 21 оқушы қатысты.

№ 8 орта мектепте 10-11 сынып оқушылары арасында Эпид.дәрігер Жаңашақызы Г.,СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., мектептің тəрбие жөніндегі орынбасары Қалмағанбетова А.А. қатысуымен "Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай "жөнінде семинар сабағы өткізілді. Шара барысында оқушыларды зиянды əдеттерден аулақ болуға, АИТВ-ның алдын алуға, өз денсаулығына деген көзқарасын арттыру, жауапты мінез-құлықты
қалыптастырып салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Слайд көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды. 1-38.

4-міндет:АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу айлығы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Даулбаева Ф тұрғындар арасында "АИТВ инфекциясының алдын алу " жөнінде дəріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 1-15.

Жетібай ауылдық ауруханасының терапия бөлімшесінде дəрігер Оралшаева Т.Т., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. емделушілер арасында "АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу"тақырыбына дəріс оқылып, видеороликтер көрсетілді. Ақпараттық материалдар таратылды. 1-14 .


Емханада дəрігерлер Мырзакулова Д., Бисемберген Қ.С. медбикелер Даулбаева Ф., Имашева А., Есмағанбетова Ш., Сатаева Қ., Мұрынбаева Н., Ешимова Г. тұрғындар арасында " Бүкіләлемдік ЖИТС- ке қарсы күрес күніне орай " дəрістер оқылып, кеңестер берілді. Ақпараттық материалдар таратылды. 7-114 адам саны қамтылды.


Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында Жетібай ауылы "Шоңай " базарында отбасы медбикелері Бақтыгелдіқызы А.,Ешимова Г. тұрғындар арасында "ЖИТС-ның алдын алу "жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардың қан қысымдарын өлшеп; ақпараттық материалдар таратты. 1-19 .


5-міндет:Жетібай, Мұнайшы ауылдарының № 3, №5 мектептерде медбикелер Шүйішбекова М., Кенжебаева А. жоғары сынып оқушылары арасында "АИТВ инфекциясының алдын алу " жөнінде дəрістер оқып, кеңестер берілді.2 - 44.

6-міндет:АИТВ/Ж ИТС- ның алдын алу айлығы аясында Жетібай, Мұнайшы ауылдарының 4,5 мектептерде медбикелер Шүйішбекова С., Маденова Қ. оқушылар,кіші қызметкерлер арасында "АИТВ инфекциясының алдын алу " жөнінде дəрістер оқыды.Сурет салдырып көрме ұйымдастырылды. 1-338 . Салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.



Айлық аясында мектептерде оқушылар арасында «АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу» жөнінде диктант жазылды. 1-424 .


7-міндет:Интернет желісіндегі жарияланған сайт атауы:Фейсбукта «Жетібай ауруханасы», Инстаграмда «jetibay_auruhanasy» сайтында жарияланып үлгерді.
Шара аясында АИТВ-ның алдын алу мақсатында «АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу шаралары » жөнінде видео роликтер теледидардан көрсетілді. 156 адам саны қамтылды.
Айлық аясында ақпараттық материалдар таратылды. 28 дан буклет,88 бетше, 1-денсаулық бұрышы жасақталды.
АИТВ - инфекциясының алдын алып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз!

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев