• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Қарақия ауданының Мұнайшы селосында жаңа №2Дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

2015 жылдың 06-шы шілдесінде Астана мерекесі күніне орай Қарақия ауданы Мұнайшы селосында жаңадан салынып пайдалануға берілген Дәрігерлік амбулатория ғимараты салтанатты ашылып, халық игілігіне берілді.

Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әміржанов Рақымбек Маршалұлы, Қарақия ауданы әкімі Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы бастығы Бектубаев Руслан Файрузинұлы қатысты. Ауыл тұрғындарының қуанышына арналған жаңалыққа  Мунайшы селосы ардагерлер кеңесінің төреағасы Мырзабаев Базарғали Мырзабайұлы жаңағимараттың ашылуымен құттықтап , тұрғындар атынан алғыс білдірді. Мердігер тапсырушы «РиГСтрой»
ЖШС басшысы Нугиманов Канат

Мұнайшы Дәрігерлік амбулаториясы дәрігері Молдағалиева Нұрия Құмарғалиқызына ғимарат кілтін табыстады.

Мұнайшы дәрігерлік амбулаториясының  ашылу лентасын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әміржанов Рақымбек Маршалұлы және Мунайшы селосы ардагерлер кеңесінің төреағасы Мырзабаев Базарғали Мырзабайұлы салтанатты түрде  қиып, мерекелік шарамен жалғасты.


Дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты ауысымына  40 қабылдауға арналған,сметалық құны 191 млн. тенге , онда участкелік отбасылық дәрігердің кабинеті, дәрігер стоматолог, дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер хирург мамандарының кабинеттері қарастырылып заман талабына сай жаңа медициналық құралдармен жабдықталған.

Биылғы жылы Актөбе қаласынан медициналық жоғарғы оқу орнын аяқтаған жас мамандардан 2-уі, жалпы тәжірибедегі дәрігер және дәрігер стоматолог осы амбулаторияда дипломнан кейінгі жұмысын жалғастыруға тілек білдіруде .

Дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсартуға ықпал жасайтын болады.

 

«Жетібай аудандық ауруханасы»

07.07.2015 жыл

 

 

   


 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев