• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

2015 жылдың 1-ші маусымында Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстан Республикасында «Балаларымыздың саулығы мен бақыты біздің қолымызда» ұранымен өткізілуде

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауында «...Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әлауқат, қауіпсіздік, баспана . Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы-халықтық жетістік»,- деп айтқан.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін өмірлік көзқарастық тәсіл маңызды бағыт болып табылады. Өмірдің бір кезеңіндегі оқиға басқа кезеңдеріндегі оқиғаға әсерін тигізеді және олардың әсеріне шалдығады. Сонымен бұрын болған жағдайлар жасөспірімдердің денсаулығы мен олардың дамуына, ал жасөспірімдік шақтағы денсаулық пен даму, өз кезегіндегі ересек шақтағы денсаулыққа, ақыр аяғында ұрпақтың денсаулығы мен дамуына әсер етеді.

Халықаралық балаларды қорғау күні –  қамсыз балаларға арналған мейрам ғана емес, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауда, білім мен тәрбие алуға тең құқыққа, әр баланың басындағы бейбітшілікті сақтауға күресте жұртшылықты жұмылдыруға арналған таптырмас себеп. Бұл күн ересек жұртшылықтың есіне баланың құқығын құрметтеу мен сақтаудың аман- сау, адамгершілікті және адал қоғамды қалыптастырудың кепілі екенін еске түсіреді.

Біздің мақсат: Жұртшылықтың назарын Қазақстанда сау ұрпақ өсіру мен дамытуға ықпал ететін жағдай құруға шақыру

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев