• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Жоспарлы стационарлық көмекті ұйымдастыру мәселелері. Емдеуге жатқызу порталы

ҚР  Үкіметінің  2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 «Стационарлық көмек көрсету ережелері  туралы» Қаулысы бойынша, стационарлық көмек бұл - пациентке  мамандандандырылған немесе жоғары  мамандандырылған  көмек тәуліктік  медициналық  бақылау  түрінде  қажет  болғанда  көрсетілетін  медициналық  көмектің түрі  деп  белгіленген.

Науқастарға стационарлық  көмек жоспарлы немесе шұғыл түрде көрсетіледі.

Стационарға  жоспарлы  түрде   емделуге  жатқызу– бұл  медициналық  айғақтары  болғанда созылмалы науқасы бар немесе өміріне қауып тудырмайтын  жағдайлардағы, шұғыл  дәрігерлік араласуды  қажет  етпейтін  жай-күйлердегіпациенттерді алғашқы медициналық көмек  мекемелері дәрігерлерінің  бағыттауымен немесе пациенттің өзі тікелей  стационарға келіп  көмекке  жүгінгенде  науқастардың  стационарлық емделуге  жатқызылуы.

Пациентте  мамандандырылған медициналық көмекке ( бұдан әрі ММК) немесе жоғары мамандандырылған  медициналық көмекке (бұдан әрі ЖММК) медициналық айғақтар  болған жағдайда  дәрігер  бөлім  меңгерушісі немесе бас дәрігердің  емдеу  ісіжөніндегі орынбасарымен  бірлесе  отырып   жоспарлы  стационарлық  ем тағайындау туралы шешім қабылдап,пациенттің амбулаториялықкартасына жазу түсіреді.

Стационарға шұғыл түрде   емделуге жатқызу- барлық уақытта бағыттаманың  болу-болмасына  қарамастан  өмірлік  көрсеткіштерге  байланысты  жүзеге  асырылады.

Осы  стационарға   жатқызудың  барлық   түрлері   «Емдеуге жатқызу порталы»  арқылы  жүргізіледі.

Емдеуге жатқызу порталы бұл –пациенттердің бағыттамаларын тіркейтін, есебін жүргізетін, мәліметін  өңдейтін және сақтайтын   бірегей  электрондық жүйе  болып  табылады.

«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуді жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту жөніндегіКазахстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрінің   3 шілде 2010 жылғы№492 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»Қазахстан РеспубликасыДенсаулық сақтауМинистрінің   5 маусым  2014 жылғы№ 302 бұйрығы бойынша жоспарлы емдеуге жатқызудың   3  механизмі қарастырылған

1-ші, емдеу мекемесі пациентті жоспарлы емделуге жатқызылуға бағыттағанда  жатқызылу күнін  күнін  стационар мамандары анықтайтын механизм(бұрыннан қолданылып жүрген  механизм);

-гинекологиялық (экстракорпоральдық ұрықтандыруға жолдама беруден басқа) бейінге арналған жолдаманы қоспағанда, босандыру ұйымдары;

- балалар медициналық ұйымдары;

-инфекциялық, психиатриялық ауруханалар, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы күрес, наркологиялық, тері-венерологиялық, онкологиялық диспансерлер;

- аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілеріне;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған госпитальдер;

- республикалық маңызы бар және кіружүйесі бар санаторийлер;

оңалтуорталықтары;

- хоспистер, мейіргерлік күтім ауруханалары;

-көп бейінді стационарлардағы төсектердің мынадайбейіндері: гематологиялық, онкогематологиялық, инфекциялық, психиатриялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық, тері-венерологиялық, онкологиялық, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім, балалар және босандыру.Аталған механизм бойынша пациент порталға тіркелгеннен кейін 2 күн ішіндестационар мамандары пациенттің  жатқызылатын күнін анықтайды. Пациентке стационарға жатқызу талоны мен  жатқызылу күні анықталған  бағыттама  2 күннен  кейін табысталады.

2-ші, қабылдау  бөліміне  пациенттердің  өздері келіп  тікелей қаралғанда стационар әкімшілігінің  шешімімен  жоспарлы емделуге жатқызу жоспарының  10%  көлемінде  жатқызу механизмі(бұрыннан қолданылып жүрген  механизм).Стационардың деңгейі мен меншік нысанына қарамастан,  пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында халықтың мынадай әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін жоспарлы емдеуге жатқызудың көлемінен 10% шегінде медициналық айғақтар болған жағдайда басшы пациентті жоспарлы емдеуге жатқызу туралы дербес шешім қабылдайды: 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын адамдар.Жоғарыда көрсетілген  топқа  жататындар  арасынан   пациенттер барлық  тексерілуден  толық өтіп, стационардың қабылдау  бөліміне  тікелей келсе, сол күні стационар әкімшілігі шешімімен стационарға  жатқызылады. Талон мен бағыттаманы жоспарлы емделуге  жатқызу  порталының   мамандары сол  мезетте  науқасқа  табыстайды.

3-ші,медико-санитарлық алғашқы көмек  немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған  күнін  автоматты айқындау механизмі (жаңа механизм)төсектердің мынадай:гематологиялық, онкогематологиялық, инфекциялық, психиатриялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық, тері-венерологиялық, онкологиялық, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім, балалар және босандырубейіндерінен басқа қалалық немесе облыстық деңгейдегі көп бейінді стационарлар осы механизммен жұмыс жасайды.Аталған механизм бойынша  пациент дерегі порталға  енгізілген  сәтте  талон мен бағыттама  пациенттің  қолына  шығарылып  беріледі.

Автоматты айқындау   механизмінің  артықшылықтары:

1.Аталған механизм бойынша  пациент  порталға  енгізілген  сәттепациенттің  қолына    талон мен бағыттама    шығарылып  беріледі.

2.Пациентке қолайлы  уақытты  таңдап  беру   мүмкіншілігі   болады.

3.Көп бейінді стационарларға  жоспарлы  жатқызудың нақты кезегін  қалыптастырады.

4.Стационарға жатқызылатын  күнді  анықтауда  адами факторлардың қосылмауын қамтамасыз етеді.

Облыс көлемінде 2014 жылдың   29  қыркүйегінен   бастап  3 медициналық мекемеде: Маңғыстау облыстық ауруханасының  барлығы26төсек  бейінінің 18-і,

Жаңаөзен қалалық орталықауруханасының барлығы  21төсек бейінің  14-і,

Облыстық перинатальдық орталықтыңгинекологиялық төсек бейініжоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін  автоматты айқындаумеханизміне қосылған.

Медициналық   ұйымдардың  пациенттерді стационарлық  емделуге  бағыттау   құқықтары   барлық   дәрігерлеріне  қойылатын  ең   басты  талап  Емдеуге жатқызу порталында  «штаттық емес жағдайларға» жол бермеу  немесе  бағытталған  науқасқа  барлық  жағдайда  стационарлық  көмек  алу мәселесінде  дәлелсіз себептермен  дәрігер немесе пациенттің өзінің тарапынан  қандайда бір ереже мен талаптарға сәйкессіздіктің болмауын қамтамасыз ету.

 ҚР ДСМ  2011 жыл  21 наурыздағы  №166  бұйрығына  сәйкес,штаттық емес жағдайлар 3 топқа бөлінген :

 

 

1.Жоспарлы емделуге жатқызылмау себептер»:

1.1.Тексерудің ең төменгі көлемінің орындалмауы.Пациенттің амбулаториялық картадан көшірме құжатында барлық зертханалық және инструментальдық  зерттеулердіңклиникалық протоколдарға сәйкес  болуы және оның   тексерілу мерзімінің  10  күннен  аспауы  қамтамасыз етілуі  тиісті.

1.2.Жоспарлы  стационарлық  емге  жатқызылуға медициналық айғақтардың болмауы.ҚР  Үкіметінің  2011 жылғы 5 желтоқсандағы  №1464  «Стационарлық көмек көрсету ережелері  туралы» Қаулысы бойынша,  стационарлық көмек - пациетке мамандандырылған медициналықкөмек-  тәуліктік  медициналық  бақылау  түрінде  қажет  болғанда   көрсетілетін   медициналық   көмектің  түрі  деп  анықтағанын  басты қағида деп ұстансақ, онда стационарға бағытталатын науқастың диагнозы мен обьективті  статусына   қатаң  талап   қойылатыны  сөзсіз.Бұл талап  орындалу  үшін  стационарлық дәрігерлермен  қатар  бағыттаушы дәрігерлер де, стационарлық  емге  ақы  төлеу  тәртібін  реттейтін ҚР ДСМ 8 қаңтар 2013 жыл№11, ҚР ДСМ  28  қаңтар  2014  жыл  №40 бұйрықтарын  өте жақсы меңгеруі міндетті, әрбір  күмәнді жағдайларда стационар мамандарынан кеңес   алуы  қажет.

1.3.Жоспарлы  стационарлық  емге  жатқызылуға  қарсы медициналық айғақтардың болуы.Қарсы медициналық айғақтардың ең басты бөлігін науқастарда  жұқпалы  аурулар /ОРЗ, ОРВИ немесе тері ауруларыт.б./  құрайды. Бағыттаушы  дәрігерлер  үшін әрбір  нозологиядағы  қарсы  көрсеткіштер назарда болуы  міндетті. ҚР ДСМ  5 маусым   2014 жылғы   № 302  бұйрығы бойынша,әрбір бағыттаушы дәрігер науқасты  порталға  тіркеген  күннен  бастап стационарға жатқызылға дейінгі кезеңде медициналық қадағалауын тиянақты жүргізіп, науқастыңстационарлық емге жатқызылуына  жауапты деп көрсетілген. Біздің облысымыздың  тәжірибесінде, осындай себеппен ота жасатуға бағытталған науқастар   арасында стационарға жатқызылмау жағдайларына,жоспарлы отаның  жасалмай қалуына  кең жолберіледі, бұл өз кезегінде бағыттаушы  дәрігерлердің науқасқа  амбулаториялық  кезеңде  тиісті дәрежедегі  медициналық қадағалау жасамайтындығының, науқастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен өзара  байланысындағы  орын  алып отырған олқылықтардың  көрсеткіші  деп  бағалануы  заңды.

1.4.Пациент дерегін порталға  қате  енгізу. Қателік  екі түрлі болуы мүмкін, техникалық немесе оператор  тарапынан  мекеме  атын  таңдауда, тегін толтыруда қателесуі, ал екініші қателік бұл дигноз бен диагноз қодының   дәрігер   тарапынан   қате   қойылуы.

Жоғарыда  көрсетілген  барлық  жағдайда, оператордың  қателігінен басқасының  барлығы, тікелей  дәрігерлердің  кінәсінен болады,

2-ші  топ , жоспарлы  емделуге  жатқызуға  кері  әсерін тигізетін жағдай     лар:

2.1.Жоспарлы  емделуге  жатқызудан пациенттің  жазбаша бас тартуы,

2.2. Жоспарлы  емделуге  жатқызуға  пациенттің  келмеуі.

2.3.Жоспарлы  емделуге  жатқызу  процедурасына  байланысты емес жағдайлар.

2.4. Пациенттің  госпитальға  дейінгі   кезеңде  қайтыс  болуы.

Бұл топтан 1-2- ші  жағдайлары, негізінен  пациенттердің өзіне байланысты болса, жоспарлы  емделуге  жатқызу  процедурасына  байланысты емес  жағдайлар стационармен байланысты, ал пациенттің өлімі  кенеттен және порталға тіркелгенауруынан басқа диагнозбен  қайтыс  болған жағдайлар қарастырылады, ал егер пациенттің жағдайы дұрыс бағаланбай, шұғыл көмек қажеттілігі ескерілмей, порталда тіркелген диагнозы бойынша күтіп қайтыс болса, ол дәрігердің  қателігі болып  есептеледі.

3-ші топ, басқа жағдайлар, пациенттің профилінің дұрыс болмауы, стационарға жедел жатқызылуы, пациентке  жоғары мамандандырылған көмек көрсетілуі қажет себептері –бұл қателіктерде  дәрігер  әрекетімен  байланысты  жағдайлар.

Қорыта  айтқанда,барлық жағдайлар пациенттің құқығының сақталмауы мен күтіп жүрген  жоспарлы стационарлық емге жатқызылмауына әкеледі,сондықтан да пациентті  жоспарлы стационарлық  емге  бағыттауда бағыттаушы дәрігерлер  жауапкершілікпен жұмыс жасауы және   бұл  ақпараттық  кеңістіктіктің   барлық  уақытта  құзырлы органдар тарапынан  бақылауда  және  қадағалауда  болатынын   естен   шығармауы  тиіс.

Емдеуге  жатқызу  порталы  бойынша, жалпы  стационарлық  емге  жатқызуды   ұйымдастыру  мәселелері   бойынша     ақпараттар, кеңестералу үшін  ШЖҚ  «Республикалық  электрондық  денсаулық  сақтау орталығы»РМК-нің  Маңғыстау   облыстық    филиалының   өңірлік    емдеуге   жатқызу    бюросының    8/7292/30-20-98  телефонына  хабарласуға  болады.

ШЖҚ  «Республикалық  электрондық  денсаулық  сақтау орталығы»  РМК-нің  Маңғыстау   облыстық    филиалының   өңірлік    емдеуге   жатқызу    бюросының    жетекші маманы -

Даутбаева  Қыдыргүл   Әбдіхалыққызы.

 

13 наурыз  2015 жыл

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев