• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Вирустық А гепатитінің алдын алу

Вирустық А гепатиті  бауырдың жұқпалы ауруы. Гепатит А  тек ауру адамнан жұғады. Гепатит А-ның вирусы адам ағзасына су, тамақ, кір қол және лас ыдыс-аяқ, үй керек-жарақтары арқылы түседі.

Жеке адам гигиенасын сақтамағандықтан вирустық гепатит А- ны жұқтыруға болады.

Гепатит А-ның негізгі белгілері:

  • Тәбеттің төмендеуі
  • Оң қабырғаның астының ауруы
  • Дене қызуының көтерілуі (37,5 С)
  • Жүректің айнуы, кейде құсу
  • Әлсіздік, дімкестік
  • Зәрдің түсінің қоңырлауы
  • Үлкен дәреттің түсінің ағаруы
  • Таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейінірек терінің сарғаюы, кейде ауырған адамда сарғаю болмауы мүмкін.

Вирустық гепатит А ауыруының бірінші белгілері пайда болса, бірден дәрігерлерге барыңыз.

Қорғану шаралары

Жеке адам гигиенасын сақтау:

  • Қайнатылған, немесе өз шөлмегіңдегі суды ішу
  • Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдырыңыз
  • Қоғамдық гигиенаны сақтау:
  • Әдейілеп бөлінген жерде суға шомылыңыз, шомылған кезде суды жұтпаңыз
  • Ашық су айдындарынан, өзеннен алған суды ішуге, тамақ жасауға және ыдыс-аяқ жууға қолдаңбаңыз
  • Көкөністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап мұқият жуыңыз

Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңда

Жетібай аудандық ауруханасы

Отбасы дәрігері:

Таңатарова Р.Қ.

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев