• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Тәні саудың - жаны сау

1. 2019 жылдың 10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай "Тәні саудың - жаны сау" Ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы аясында #4 мектепте дәрігер Саудабай Ж.А, СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., психолог Талаштақ А және мұғалімдердің қатысуымен 9-10-11 сыныптар арасында "Стресске "жоқ" деп айт" тақырыбында дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда қоғамның және әрбір адамның позитивті психикалық жағдайының маңызы жайлы кеңейтілген ақпаратты ұсыну. Құрамында никотині бар заттары мен спирті бар сусындарды қолданудың қауіптілігі бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын кең жолға қою, дені сау мінез-құлық дағдыларын құрауға аса мән беру, ақпараттық парақтар, әдістемелік нұсқаулар және мақсатты топтарға басымырақ мән берілетін бағдарламалар түріндегі ақпараттық шығарылымдар кешенін кең көлемде қолдану; халықтың әртүрлі оралымдарына білім алу, ағарту, үгіттеуді жүргізу.
#Тәнісаудыңжанысау
#Психикалықденсаулықкүні
#Жетібайауылдықауруханасы

2. 2019 жылдың қазан айының 10 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастырумен дәрігерлер Мырзкулова Д.С., Саудабай Ж.А., Дуйсен А.Ж. акушерка Тоқтағанова Қ., Елемесқызы Қ., Насипова Б. психолог Талаштақ А. қатысуымен тұрғындар арасында "Күйзелістің алдын алу " жөнінде дәрістер оқып, назарды қауіп факторларына бұрып (алкогольді көп қоддану мен шылым шегуден бас тарту; дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікті сақтау) жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.
#Психикалықденсаулықкүні
#Жетібайауылдықауруханасы

3. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай "Тәні саудың - жаны сау" Ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы аясында #4 мектепте медбике Маденова Қ, психолог мамандар Алибекова Д., Талаштақ А және мұғалімдердің қатысуымен 8-9-10 сыныптар арасында "Алдағы өмірді жоспарлау, жүзеге асыру әдісі", "Өмірлік жағдайлардың ауысу кезінде өзіңді қалай ұстайсың" тақырыптарында дәрістер оқылып, психикалық денсаулықты нығайту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

4. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектептерде медбикелер Кенжебаева А, Мұңалбаева З, Ережепова Н "Таңғы жаттығудың маңызы", "Балалар арасында жақсы қарым-қатынас орнату", " Зиянды және пайдалы тамақтану" тақырыптарында дәрістер оқылып, психикалық денсаулықты нығайту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дене белсенділігін арттыруға арналған спорттық ойындар ойнатылды.

5. 2019жылдың қазан айының 10 жұлдызында #5 орта мектебінде 7-11 сынып қыз балалары арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында " Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі", «Күйзеліске жоқ деп айт» тақырыбында дәрістер оқылды. Шараға мектеп медбикесі Мұналбаева З. қыздардың жеке тазалығы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Мектеп психологы Абуова А. қыздар арасында психологиялық тренинг өткізді.

6. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай емханада психолог мамандар Алибекова Д, Талаштақ А тұрғындар арасында "Күйзелісті басқару", "Дұрыс тамақтану", "Физикалық белсенділікті насихаттау" жөнінде түсіндіру шараларын жүргізіп, сауалнамалар алынды. Ақпараттық материалдар таратылды.
#Тәнісаудыңжанысау
#Жетібайауылдықауруханасы

7. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай "Тәні саудың - жаны сау" Ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы аясында #3 мектепте дәрігер Саудабай Ж.А, СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., психолог Талаштақ А, мектеп медбикесі Сейдуллаева Т. және мұғалімдердің қатысуымен 9-10-11 сыныптар арасында "Стресске "жоқ" деп айт", "Ерте жүктіліктің алдын алу "," Дұрыс тамақтану және дене белсенділігін арттыру " тақырыбтарында дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Салауатты өмір салтын ұстанға шақырды. Ақпараттық материалдар таратылды. Сауалнама жүргізілді.



8. Емханада ,ауруханада медицина қызметкерлері, психологтардың қатысуымен пациенттер арасында «Күйзелістің алдын алу» , «Психикалық денсаулық», «Дұрыс тамақтану», «Дене белсенділігін арттыру», «Серуендеу» жөнінде дәрістер оқып, кеңестер берді. Сауалнама жүргізілді.

9. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.






 

 


 

 


Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев