• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу

1. 2019 жылдың қыркүйек айының 23 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Тажигулова З. ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жүрек күніне орай Жетібай ауылдық ауруханасы дәрігерлері Анетова К.К., Бекбаев Б.О., Кулбаева Г.С және медбикелер Джанетова Г., Алдабергенова Г. , психолог Алибекова Д., Талаштақ А. емханаға келген тұрғындар арасында "Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу ", "Жүрек қан тамыр ауруларының қауіпті факторы ", " Артық салмақ", "Дене белсенділігі және дұрыс тамақтануды насихаттау " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Ашық есік күні» ұйымдастырылды..
Шараның мақсаты: аурулардың пайда болу қауіпін азайту мақсатында зиянды өнімдерді пайдаланудан аулақ жүріп, салауатты өмір салты қағидаларын ұстана отырып, жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығы туралы тұрғындарды ақпараттандыру. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

2. 2019 жылдың қыркүйек айының 23 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Тажигулова З. ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жүрек күніне орай Жетібай ауылдық ауруханасында психологтар Алибекова Д., Талаштақ А. медицина қызметкерлері арасында "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" ұранымен "Жүрегіңізге жылу сыйла!" атты тренинг өткізілді.

3. 2019 жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Тажигулова З. ұйымдастыруымен "Айналайын " балабақшасында медбике Есмағанбетова Ш. 3-6 жас балалар арасында "Кішкентайларға арналған физикалық белсенділік ", "Тиімді тамақтаныңыз " тақырыбында дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Ақпараттық материалдар таратылды.
#Жетібайауылдықауруханасы
#Салауаттыұрпақтыөсірейік

4. "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" Ұлттық бағдарламасы аясында 3орта мектебінде медбикелері Кенжебаева А., Сейдуллаева Т. 5 сынып оқушылары арасында "Менің жүрегім, сенің жүрегің " атты ашық сабақ өткізілді. Сонымен қатар 0 сынып оқушылары арасында " Кішкентайларға арналған физикалық белсенділік ", " Дұрыс тамақтаныңыз!" атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында "Көңілді старттар" -спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ақпараттық материалдар таратылды. 74 оқушы қатысты.

5. "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" Ұлттық бағдарламасы аясында 4 орта мектебінде медбикелері Маденова Қ., Тұрақбаева Р. 4 сынып оқушылары арасында "Менің жүрегім, сенің жүрегің " атты ашық сабақ өткізілді. Сонымен қатар 2-3 сынып оқушылары арасында " Кішкентайларға арналған физикалық белсенділік ", " Дұрыс тамақтаныңыз!" атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында "Көңілді старттар" -спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ақпараттық материалдар таратылды. 68 оқушы қатысты.

5. Емханада келген тұрғындар арасында медбикелер, психолог мамандар «Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу» , «Салауатты өмір салтын ұстанамыз!» атты тақырыптарға дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

6. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.



Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев