• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Емізу - бала саулығының негізі

1. 2019 жылдың тамыз айының 7 жұлдызында Дүниежүзілік баланы емізу апталығына орай СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен емханада және перзентханада дәрігерлер Кулбаева Г.С., Адамбекова Г.А., акушерка Сүйеуова Р., медбикелер Қосмамбет Г., Теңізбай А., Күзекен Ұ. аналар арасында "Емізу - бала саулығының негізі" атты "Ашық есік" күні өткізіліп, дәрістер оқылды. Сонымен қатар дұрыс емізудің маңыздылығы жөнінде аналарға кеңінен түсіндірілді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

2.  "Емізу-бала саулығының негізі" ұлттық бағдарламасы аясында емханаға келген аналар арасында медбикелер Қосмамбет Г., Нурбаева Ж., Имашева А., Асабай А., Алпысова С., Сейдуллаева Т. "Емізудің артықшылығы ", "Ана сүтінің қорғаныс қасиеті", "0-ден 6 айға дейінгі балаларды емізу қағидалары" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді. Шараның мақсаты: Аналарға бала денсаулығы үшін емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру болып табылады. Емізу-нәрестенің тамақтандырудың ең үздік тәсілі, баланың дұрыс дамуы үшін нәрлі элементтерден тұратын сәбиге арналған ең жақсы тағам және кең таралған балалар ауруларынан баланы қорғауға көмектесетін антидене екендігін түсіндірді.

3. Дүнижүзілік баланы емізу апталығы аясында емханада дәрігер Д.С. Мырзакулова, акушерка Алхамбекова А, медбикелер Қосмамбет Г, Имашева А, Даулбаева Ф қатысуымен аналар арасында "Емізу - бала саулығының негізі" атты семинар сабағы ұйымдастырылды. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді. 
Шараның мақсаты: Аналарға бала денсаулығы үшін емізудің пайдасы туралы ақпараттандыру болып табылады. Емізу - нәрестені тамақтандырудың ең үздік тәсілі, баланың дұрыс дамуы үшін нәрлі элементтерден тұратын сәбиге арналған ең жақсы тағам және кең таралған балалар ауруларынан баланы қорғауға көмектесетін антидене екендігін ақпараттандыру.

4. Дүнижүзілік баланы емізу апталығы аясында емханада медицина қызметкерлері аналар арасында "Емізу - бала саулығының негізі!" атты семинар сабағы , дәрістер  өткізді.  Сонымен қатар денсаулық мектептерінде сабақтар өткізілді.

Жүктілікті жоспарлау, контрацепция, баланы емізуге дайындау. Баланы емізу: ақиқат және жалған. Әйелдердің дұрыс тамақтануы-баланың толыққанды тамақтануы. Баланы емізбеуден баланың ауруға шалдығу қауіпі.Болашақ аналардың баланы емізуін ынталандыру және ұстамдылыққа қалыптастыруға, болашақ  әкелердің ,туыстар мен жақындардың бала емізетін әйелдерге қолдау көрсетулеріне бағытталған сабақтар өткізілді. Босануға дайындау және жас аналар мектептерінде баланы дұрыс ұстау,баланы емізу,баланы дұрыс емізу дағдыларын қалыптастыру, Емшектің жарылуының, сүттің қатып қалуының, емшектің қабынуының алдын алуға сабақтар өткізіліп, кеңестер берілді.  Дені сау бала кабинетінде баланы емізетін әйелдерді 6 айдан бастап қосымша тамақ беруге дағдыландыру, баланы емізетін әйелдерге қолдау көрсетуді арттыру жөнінде сабақтар өткізілді.   

5. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара аясында ақпараттық материалдар таратылып,  сауалнама алынды.

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев