• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Біз денсаулықты таңдаймыз! МӘМС ақпарат 2019

1. Бүгін 06.06.2019 жылы Жетібай ауылдық ауруханасы қызметкерлері жалпы тәжірибелік дәрігері Б.О. Бекбаев, хирург(онколог) дәрігері М.Қ. Ақмолдина, акушер-гинеколог дәрігері А.Ж. Дүйсен, медбикелер Даулбаева Ф., Ізбасарова Қ., Тұрғанбаева М., Калиева К. қатысуымен "Халыққа қызмет көрсету орталығында" тұрғындар арасында" Біз денсаулықты таңдаймыз!" МӘМС жүйесін танымал ету бойынша мәдени-сауықтыру акциясы аясында "Ашық-есік күні " ұйымдастырылды. Шара барысында қандағы қант мөлшері, холестерин, қан қысымы,бой, салмақ өлшенді. Артық салмақтың алдын алу алуға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде және тағы басқада аурулар жөнінде кеңестер берілді. 78 адам қамтылды. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

2. Біз денсаулықты таңдаймыз! акциясы аясында медбикелер Даулбаева Ф.,Имашева А., Избасарова Қ. тұрғындар арасында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі", "ПБЗ-ді тұтыну мен оның денсаулыққа зияны ", "Дұрыс тамақтану " жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. 58 адам қамтылды.

3. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев