• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Артериалдық гипертония

Артериалдық гипертония-қан қысымының  (140/90 және одан жоғары) көтерілуі қан қысымы – адам денсаулығы жәй-күйінің маңызды көрсеткіші. Толқулар тәнге түсетін салмақ, реніш және шеккен бір тал темекі азғаны уақытша қан қысымын көтеруі мүмкін, бірақ қайтадан өз қалпына келеді. Егер жоғары қан қысымы (140/90 және одан жоғары) ұзақ уақыт түспесе жүрекке және жүрек тамырларына зақым келтіреді.

 Артериалдық гипертонияны қалай анықтауға болады?

- Жалғыз тәсіл – тонометрдің көмегімен өлшеу.

- Көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін сезбейтінінде.

- Егер сізде артық салмақ, темекі шексеңіз, қант диабеті болса, жасыңыз 35 жастан асқан жағдайда және туыстарыңызда гипертония ауру болса –қан қысымыңызды өлшеңіз.

- Қан қысымын үнемі өлшеу

- Егер сіздің қан қысымыңыз (140/90 және одан жоғары) болса міндетті 

    түрде дәрігерге көрініңіз!

Артериалдық гипертонияның алдын алу үшін не істеу керек?

-Артық салмақпен күресіңіз!

-Тұзды тамақты азайтыңыз!

-Еңбектену және демалыс тәртібін сақтаңыз!

-Дене шынықтыру белсенділігін арттырыңыз !

-Көкөністермен жемістерді жеткілікті қолдану!

-Күйзелістік жағдайларды жеңуді меңгеру !

Жоғары қан қысымы жүрек қан тамыр аурулары: жүректің ишемиялық дерті, миокард инфарктісі, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қауіп –қатерінің факторы болып табылады.

Артериальдық гипертонияны емдеу:

- Гипертонияны емдеу тұрақты болуы қажет.

- Дәрілерді бір рет қолдану тиімді емес, қан қысымы тағы да көтерілуі 

  мүмкін.

- Дәрілерді үнемі қабылдау керек және дәрігерлердің ұсынымдарын қатал

  орындау.

-Емделу үшін таблеткалар- ең тиімді және қауіпсіз құрал.

 

Өз денсаулығыңыз-өз қолыңызда !

 

 

Жетібай кенті.

Жанұя дәрігері: Әнетова К.К.

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев