• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарыңыз!

1.2019 жылдың мамыр айының 6 жұлдызында Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне орай емханада дәрігерлер К.К.Атенова, Б.О.Бекбаев медбикелер Тажигулова З., Даулбаева Ф., Имашева А. қатысуымен тұрғындар арасында "Артериялық қан қысымыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарыңыз!" ұранымен "Ашық- есік күні" өткізілді. Шараның мақсаты: Артериялық гипертонияның алдын алу, ерте анықтау және мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, дене белсенділігін насихаттау, дене салмағын бақылау жөнінде ақпараттар беру.Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді. 58 адам қатысты.
#Салауаттыөмірсалтынұстаныңыз!

 

2. 2019 жылдың мамыр айының 8 жұлдызында 8орта мектебінде медбикелер Калиева К., Ережеп Н. 8-10 сынып оқушылары арасында "Демікпесіз өмір сүр ", "Өз қан қысымыңызды білесіз бе?", "Темекінің зияндылықтары " жөнінде дәрістер оқып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

3. 2019 жылдың мамыр айының 13 жұлдызында Мұнайшы ДА ЖТ дәрігерлер Ж.Е. Қалниязова, І.А.Есқуат медбикелер З.Серікбаева, А.Қалыбаева тұрғындар арасында "Артериялық гипертонияның алдын алу ", " Тиісті тамақтануды ынталандыру(шамадан тыс тұз, қант,трансмайлары бар өнімдерді тұтынуды шектеу)", "Дене белсенділігі ","Темекі шегу-адам денсаулығына келтірілетін зияндылықтары " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпараттық материалдар таратылды.

4. Ағымдағы жылдың мамыр айының 8 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3 орта мектебінде медбике Сейдуллаева Т. 7сынып оқушылары арасында "Демікпесіз өмір сүр!", "Темекі шегу-адам денсаулығы үшін қауіпті!", " Артериялық гипертензияны ескерту-дұрыс өмір сүру!" жөнінде дәрістер оқып, сабақтар өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

5. 2019 жылдың мамыр айының 13 жұлдызында 3 орта мектебінде медбике Кенжебаева А. 4сынып оқушылары арасында "Артериялық гипертензияны ескерту- дұрыс өмір сүру!", "Егер сіз сау болғыңыз келсе-физикалық белсенді болыңыз!" атты сабақтар өткізілді. 21 оқушы қатысты.

6. 2019жылдың мамыр айының 13 жұлдызында 3орта мектебінде медбике Кенжебаева А. 5 сынып оқушылары арасында " Өз қан қысымыңызды білесіз бе?", "Темекіге қарсы күрес ", "Дұрыс тамақтану " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпараттық материалдар таратылды. 20 оқушы қатысты.

7. 2019 жылдың мамыр айының 13 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен Мұнайшы ауылы "Балауса " балабақшасында медбике Асқарова Н., дене тәрбиесі жетекшісінің қатысуымен 3-5 жас аралығындағы балалар арасында " Күнделікті жаттығулар ", "Дұрыс тамақтану " жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

8. 12 мамыр - Халықаралық мейірбекелер күні және Дүниежүзілік артериялық гипетониямен күрес күні аясында Жетібай ауылдық аурухана мейірбекелері арасында "Мамандығым-мақтанышым" атты сайыс ұйымдастырылды. Жетібай ауылдық ауруханасы директорының м.а. Н.К.Молдагалиева, кәсіподақ төрағасы Қ.С.Оразов мейірбикелерді кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс хатпен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сайысқа жеті бөлімшеден жеті медбике қатысты. Бес сайыс кезеңі бойынша қатысушыларға жүлделі орындар тағайындалып, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды. Жастар арасында «Арақ ішкен азар», «Артық салмақтың зияндылығы » жөнінде сахналық қойылымдар қойылды, сауалнамалар алынды.
#Жетібайауылдықауруханасы
#Мамандығыммақтанышым

9. 2019 жылдың мамыр айының 14 жұлдызында Жетібай балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде медбике Чукметова А. тренерлер Н. Садақбай, Е.Шыңғыс қатысуымен жасөспірімдер арасында артериялық гипертонияның алдын алу мақсатында "Мен-чемпионмын", "Егер сіз сау болғыңыз келсе-физикалық белсенді болыңыз " атты спорттық шаралар, эстафеталар, жаттығулар өткізілді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

10. 2019жылдың мамыр айының 14 жұлдызында емханада медбикелер Тажигулова З., Сәрсен М. емханаға келуші тұрғындар арасында " Өз қан қысымыңызды біліңіз!", "Темекі шегу-адам денсаулығына келтірілетін зияндылықтары ", "Тиісті тамақтануды ынталандыру (шамадан тыс тұз, қант, трансмайлары бар өнімдерді тұтынуды шектеу) жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

11. 2019жылдың мамыр айының 14 жұлдызында 7орта мектебінде медбике Жарылғасова К. қатысуымен отбасы күніне орай және дене белсенділігін арттыру мақсатында "Әкем,Шешем және мен" отбасылар арасында жарыс ұйымдастырылды. Шараға 4 отбасы қатысып, 48 адам қамтылды.

12. 2019 жылдың мамыр айының 15 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4 орта мектебінде медбикелер Маденова Қ, Тұрақбаева Р. 8-9 сынып оқушылары арасында ""Артериялық гипертония - барлығы бақылауда!" , "Темекі шегу-адам денсаулығына келтірілетін зияндылықтары " жөнінде дәрістер оқып, пікірталас өткізілді. 41 оқушы қатысты. Ақпараттық материалдар таратылды.
#салауаттыөмірсалтынұстанамын!
#Өзқанқысымыңдыбіл!.

13. 2019 жылдың мамыр айының 14 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен "Жауқазын " балабақшасында медбике Мұрынбаева А. тәрбиешілер мен ата-аналар арасында "Балалардағы гипертензияның алдын алу ерекшеліктері ", " Дене белсенділігін көтермелеу", " Дұрыс тамақтану " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесулер өткізді. Ақпараттық материалдар таратылды. 16 адам қатысты.

14. 2019 жылдың мамыр айының 15 жұлдызында емханада медбикелер Қызылғұлова Р., Даулбаева Ф. тұрғындар арасында "Артериялық гипертонияның алдын алу " , "Темекінің зияндылықтары ", "Артық салмақтың алдын алу " жөнінде дәрістер оқып. түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпараттық материалдар таратылды.

13. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев