• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Вакцинация-ең мықты қорғаныс!

1. 2019 жылдың сәуір айының 24 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен Жетібай ауылдық емханасында, Мұнайшы ДА егу кабинеті медбикесі Айтжанова Н., медбикелер Қалабаева А., Жарылғасова К., психолог Талаштақ А. тұрғындар арасында "Вакцинация-ең мықты қорғаныс!", " Вакцинация дегеніміз не?", " Вакцинация-сенің денсаулыққа деген құқығын!" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараның мақсаты: Өміршеңдікті ұлғайту, халық пен медицина қызметкерлерінің ақпарат алу сапасын арттыру, ата-аналардың ортақ жауапкершіліктеріне басты назар аудара отырып, вакциналаудан бас тартумен байланысты қауіп-қатер мен салдарына жұрттың назарын аудару, вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алу. Ақпараттық материалдар таратылды.
#Бізвакцинациянықолдаймыз

2. Ағымдағы жылдың сәуір айының 26 жұлдызында емханада медбике Қосмамбет Г. аналар арасында "Иммундаудың тиімділігі", "Қосымша тамақтандыру" жөнінде тамақты дайындап көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды .

3. 2019 жылдың сәуір айының 25 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф ұйымдастыруымен Жетібай ауылдық емханасында отбасы дәрігерлері Г.С. Кулбаева, Б.О.Бекбаев отбасы медбикелері Имашева А., Ұзақбаева Р., Кошкинова К., психолог Талаштақ А. қатысуымен тұрғындар арасында "Біз вакцинациялауды қолдаймыз!" ұранымен "Ашық есік күні " өткізілді. 64 адам қамтылды.
Денсаулық мектептерінде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытылы иммундау, емшек сүтімен қоректендірудің артықшылығы, гигиеналық машықтарды қалыптастыру шаралары туралы сабақтары өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

4. Біз вакцинациялауды қолдаймыз!

Вакцинация-сау өмірге әкелетін жол!


5. 2019 жылдың сәуір айының 26 жұлдызында емханада Денсаулық мектептерінде отбасын жоспарлау, босануға дайындалу мектептерінде акуш.гин. дәрігері А.Ж.Дуйсен, акушерка Тоқтағанова Қ., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. қатысуымен аналар арасында " Дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін оңтайлы уақытты таңдау", "Вакцинацияның тиімділігі " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытылы иммундау, емшек сүтімен қоректендірудің артықшылығы, гигиеналық машықтарды қалыптастыру туралы сабақтары өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

6. 2019 жылдың сәуір айының 29 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3 орта мектебінде медбике Сейдуллаева Т. 1 сынып оқушылары арасында "Вакцинация қажетті !", "Вакцинацияның маңыздылығы " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. 48 оқушы қатысты. Слайдтар көрсетілді.

7. 2019 жылдың сәуір айының 29 жұлдызында емханада отбасы медбикелері Насипова Б., Ұзақбаева Р., Күзекен Ұ. тұрғындар арасында "Вакцинацияның маңыздылығы ", "Вакцинация-бұл сау болашақ!" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

8. 2019 жылдың сәуір айының 30 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф ұйымдастыруымен Жетібай балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде медбике Чукметова А. тренер Шыңғыс Е. қатысуымен балалар арасында "Біз вакцинаны қолдаймыз!" ұранымен спорттық жарыстар өткізілді. 22 оқушы қатысты.

9. 2019 жылдың сәуір айының 30 жұлдызында 7 орта мектебінде медбике Жарылғасова К. мұғалімдер, ата-аналар арасында "Вакцинация! Балалардың қауіпсіздігі-үлкендердің қамы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 14 адам қамтылады.

10. Ағымдағы жылдың сәуір айының 30 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 7орта мектебінде медбике Жарылғасова К. 5-9сынып оқушылары арасында "Вакцинация-біздің таңдаумыз!" атты тақырыбында дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 86 оқушы қатысты.

11. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара аясында ақпараттық материалдар таратылды – 148 дана таратылды. Мектептерде 123 оқушы сурет салды. Тұрғындардан сауалнамалар алынды. 227 адам қатысты.

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев