• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

2019 жылдың 1-30 сәуір аралығында жарақаттың алдын алу бойынша "Қауіпсіз өмір " атты іш-шара аясында Жетібай ауылдық емханасында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф.

1. 2019 жылдың 1-30 сәуір аралығында жарақаттың алдын алу бойынша "Қауіпсіз өмір " атты іш-шара аясында Жетібай ауылдық емханасында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен траматолог дәрігер Д.Е. Абдуллин , хирург дәрігер А.С. Дүйсенбаев, медбикелер Серікбаева А., Карабалина Б. қатысуымен емханаға келген тұрғындар арасында " Жол-көлік жарақатының алдын алу ", "Ішімдікті тұтынудың алдын алу " жөнінде дәрістер оқып, кеңестер беріліп, "Ашық-есік күні " өткізілді . Ақпараттық материалдар таратылды.1- 49.
#Бізқауіпсізөмірдітаңдаймыз!
#Денсаулықзорбайлық

2. 2019 жылдың сәуір айының 11 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен "Айналайын " балабақшасында медбике Қоңырбаева Ж., дене тәрбиесі жетекшілері Сахиева А., Низамаддинова Б. қатысуымен 3-6 жас аралығындағы балалар арасында "Қауіпсіздік әліппесі", " Шыныққан шымыр болады" жөнінде дәрістер оқып, тренинг, жарыстар өткізілді. 19 бала қатысты.

3. 2019 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында 3 орта мектебінде траматолог дәрігер Тасмуханов Н.Т. , медбикелер Кенжебаева А., Сейдуллаева Т. 8 сынып оқушылары арасында " Жарақаттанудың алдын алу және көрсетілетін алғашқы көмек" , " Біз өмірді таңдаймыз" атты семинар сабағы өтті. 19 оқушы қатысты.

4. 2019 жылдың сәуір айының 3 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. скринингтік тексеруден өтуге келген тұрғындар арасында "Дұрыс тамақтану құрамында трансмайлар бар тағамды шектеу", "Денсаулық зор байлық", "Қауіпсіз өмір" жөнінде дәрістер оқып , түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар /кітапшалар, бетшелер/ таратылды . Бейнероликтер көрсетілді.

5. 2019 жылдың сәуір айының 2 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. скринингтік тексеруден өтуге келген тұрғындар арасында "Дұрыс тамақтану құрамында трансмайлар бар тағамды шектеу", "Денсаулық зор байлық", "Қауіпсіз өмір" жөнінде дәрістер оқып , түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар /кітапшалар, бетшелер/таратылды . Бейнероликтер көрсетілді.

6. 2019 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3 орта мектебінде медбике Кенжебаева А. 4сын. оқушылары арасында "Жол ережелерін сақтау, жарақаттанудың алдын алу ", " Жолда мұқият болады!" жөнінде дәрістер оқып, сынып сағаты өткізілді . Ақпараттық материалдар таратылды. Шараның мақсаты: Оқушылардың өмірін нығайту және сақтау, жауапкершілікті күшейту және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дарыту, жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу. 25 оқушы қатысты. Слайдтар көрсетілді.

7. 2019жылдың сәуір айының 15 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф ұйымдастыруымен 8 орта мектепте медбикелер Қалиева Қ, Ережеп Н 2-5-7 сынып оқушылары арасында "Жарақаттанудың алдын алу", "Жол ережелерін сақтау" жөнінде дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық материалдар таратылды . 89 бала қатысты.

8. 2019жылдың сәуір айының 16жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф ұйымдастыруымен Мұнайшы ДА медбикесі Қалабаева А тұрғындар арасында "Жол көлік жарақатының алдын алу", "Дұрыс тамақтану" жөнінде дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараның мақсаты: Халықтың өмірін нығайту және сақтау, жауапкершілікті күшейту және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дарыту, жарақаттану проблемасына қоғамның назарын аудару, жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу.

9. 2019 жылдың сәуір айының 17 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4 орта мектебінде медбикелер Маденова Қ.,Тұрақбаева Р. 6 сынып оқушылары арасында мамандардың қатысуымен "Жарақаттанулардың алдын алу" жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек үстел өткізілді . Ақпараттық материалдар таратылды. Шараның мақсаты: Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, жауапкершілікті күшейту және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дарыту, жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу. 19 оқушы қатысты.

10. 2019 жылдың сәуір айының 17жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4 орта мектебінде медбикелер Маденова Қ, Тұрақбаева Р, психолог Алибекова Д және мүғалімдердің қатысуымен 8-сынып оқушылары арасында "Біз өмірді таңдаймыз!", "Қауіпсіз өмір " ұранымен семинар сабағы өткізіліп, флешмоб ұйымдастырылды. 82 оқушы қатысты. Слайдтар көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды. Шараның мақсаты: Оқушылардың денсаулығын сақтау, өмірінің нығайту, жауапкершілікті күшейту және өзін-өзі сақтау мінез- құлық дағдыларын дарыту, жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу.

11. Ағымдағы жылдың сәуір айының 18 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4орта мектебінде психолог Алибекова Д. медбикелер Маденова Қ., Тұрақбаева Р. қатысуымен 8 сынып оқушылары арасында " Суицидтің алдын алу ", "Біз өмірді таңдаймыз ", " Өмір гүлі" , "Құндылықтар ағашы" атты сынып сағаты және тренинг әңгімелесу психологиялық кеңестер берілді.
#Өмірдісүй
#Әрминуттыбағалаңыз!
#Өміргеқуаныңыз!

12. 2019 жылдың сәуір айының 19 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 7орта мектебінде медбике Жарылғасова К. 5-6 сынып оқушылары арасында "Жол ережесін сақтаңыз!", " Жол-көлік жарақаттарының алдын алу", " Дене белсенділігін арттыру" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара аясында оқушылар сурет салып, сауалнамалар алынды. Шараның мақсаты: Оқушылардың денсаулығын сақтау, өмірін нығайту, жауапкершілікті күшейту және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дарыту, жарақаттанудың барлық түрлерінің алдын алу, дене белсенділігін арттыру. 86 оқушы қатысты.

13. 2019 жылдың сәуір айының 19 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 8 орта мектебінде медбикелер Калиева К., Ережеп Н. қатысуымен 3 сынып оқушылары арасында "Жол-көлік жарақатының алдын алу ", "Шынықсың шымыр боласың!" , "Қауіпсіз өмір " ұранымен шаралар өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 73 оқушы қатысты. Ақпараттық материалдар таратылды. Суреттер салынып, флешмоб, денешынықтыру сабақтары өткізіліп, сауалнама, диктанттар алынды.

14. Ағымдағы жылдың сәуір айының 22 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен Мұнайшы ДА медбикелері Қалабаева А., Жарылғапбаева А. тұрғындар арасында " Жол-көлік жарақаттарының алдын алу ", " Жол ережелерін сақтау " жөнінде дәрістер оқып. түсіндіру жұмыстарын жүргізді..Ақпараттық материалдар таратылды.

15. Ағымдағы жылдың сәуір айының 22 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 8 мектепте медбикелер Калиева К., Ережеп Н. 8-6 сынып оқушылары арасында "Жарақаттанудың алдын алу ", "Жолда сақ бол!" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. 44 оқушы қатысты. Суреттер салынып, сауалнамалар алынды.

16. 2019 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында емханада СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. 9 сынып оқушылары арасында " Жол-көлік жарақаттарының алдын алу ", " Темекінің, ішімдіктің адам ағзасына тигізер зияндылықтары" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

17. 2019 жылдың сәуір айының 23 жұлдызында 3 орта мектебінде медбике Сейдуллаева Т., Түгебаева Қ. т.б. мұғалімдердің қатысуымен 1 сынып оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану дегеніміз не?", «Жарақаттану деген не?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 24 оқушы қатысты.

18. 2019 жылдың сәуір айының 30 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф ұйымдастыруымен Жетібай балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде медбике Чукметова А. балалар арасында "Жарақаттанудың алдын алу" жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, спорттық шаралар ұйымдастырылды. 19 бала қатысты.

19. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара аясында ақпараттық материалдар таратылды мектептерде диктанттар, сауалнамалар алынды ,суреттер салды.

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев