• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

#Салауатты Маңғыстау

1. Елбасы Н.Ә.назарбаевтың Жастар жылын жариялауына орайластырылған #менденсаулықтытаңдаймын және #салауаттыМаңғыстау акциясы аясында 2018 жылдың 10 желтоқсанында жоспарға сәйкес Жетібай ауылдық ауруханасы қызметкерлері челленджге қолдау көрсетіп, емхана дәлізінде өндірістік гимнастика жүргізді. #менденсаулықтытаңдаймын. #салауаттыөмірсалтынұстанамын#Салауатты Маңғыстау.

2. 2018 жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында 3 орта мектебінде медбике Кенжебаева А. дене тәрбиесі мұғалімі С. Басшиева қатысуымен 3 сынып оқушылары арасында әртүрлі спорттық жарыстар өткізілді.#менденсаулықтытаңдаймын#салауаттыөмірсалтынұстанамын #Салауатты Маңғыстау

3. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында емханаға келген тұрғындарға СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., медбикелер Тажигулова З., Тұрғанбаева М.,, Кабулова А. " Өз қан қысымыңызды білесіз!", " Артық салмақтың алдын алу " жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, артериалды қан қысымы, бойы, салмағы өлшеніп, қан құрамындағы қант, холестериннің деңгейін анықтайтын таңдаулар жасалды.

4. Мұнайшы ауылы әкімі Б.И.Бекмурзаевтың ұйымдастыруымен "Айбас" спорт мектебінде балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан спорттық шара өткізілді. Бас төреші Т. ДЖамаладинов, жаттықтырушы С. Ешманов , рингтегі төреші Р. Дулатов., медбике С. Шүйішбекова қатысты. Дипломдармен марапатталды. Шараға 34 оқушы қатысты.

5. Жетібай ауылы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде медбике Умирбекова Л. әдіскер Шакиева А., жаттықтырушылар Жаңбырбаева Г. Исметуллаева Ш., Сактағанов М., Шыңғыс Е. қатысуымен спорттық шаралар ұйымдастырылды. #менденсаулықтытаңдаймын#салауаттыөмірсалтынұстанамын #Салауатты Маңғыстау

6. Мұнайшы ауылы 7 орта мектебінде медбике Жарылғасова К., дене тәрбиесі мұғалімдердің қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында "АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу ", " Мен денсаулықты таңдаймын" атты тақырыпта дәрістер оқып, спорттық шаралар ұйымдастырылды. 52 оқушы қатысты. #менденсаулықтытаңдаймын#салауаттыөмірсалтынұстанамын #Салауатты Маңғыстау

7. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев