• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!

1. "Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!" 2018 жылдың қараша айының 8 жұлдызында Жетібай ауылдық балалар, жасөспірімдер спорт мектебінде СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., әлеуметтік қызметкер Сәрсенова М. , медбике Умирбекова Л., әдіскер Шакиева А. қатысуымен балалар мен жасөспірімдер арасында " Темекіге жол жоқ!", " Еркін тыныс ал!"," Дұрыс тамақтану дағдыларын ұйымдастыру " тақырыбында тәрбие сабағы өткізілді. Әр түрлі жаттығулар жасалып "Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз " атты тренинг ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Шылым шегудің зияны туралы білімді кеңейту, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу, дұрыс тамақтануға , дене белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Ақпараттық материалдар таратылды.

2. 2018 жылдың қараша айының 7 жұлдызында медбикелер Бақыт С., Кабулова А. емханаға келген тұрғындар арасында "Денсаулыққа темекінің, ішімдіктің зиянды әсері" атты тақырыпта дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

3. Ағымдағы жылдың қараша айының 6 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., акушерка Елемесқызы Қ. аналар арасында "Темекі шегудің өмірге қауіптілігі" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

4. Ағымдағы жылдың қараша айының 5 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4 орта мектебінде медбике Маденова Қ. 4-7 сынып оқушылары арасында "ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу ", "Темекінің адам ағағзасына зияны " жөнінде дәріс оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді .Ақпараттық материалдар таратылды.

5. Ағымдағы жылдың қараша айының 13 жұлдызында медбике Имашева А. емханаға келген тұрғындар арасында "Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері " ,"Қант диабетінің алдын алу " тақырыбында дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

6. 2018 жылдың қараша айының 14 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен Мұнайшы ауылы 7орта мектебінде медбике Жарылғасова К., мұғалімдердің қатысуымен 1-11сынып оқушылары арасында "Мектептерде дұрыс тамақтануды ұйымдастыру ", "Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері " жөнінде дәрістер оқып, ақпараттар берілді. Ақпараттық материалдар таратылды. Шара аясында диктанттар жазылып, сурет көрме ұйымдастырылды.

7. Ағымдағы жылдың қараша айының 14 жұлдызында 3 орта мектебінде медбике Кенжебаева А. және мұғалімдердің қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында "Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері ", "Темекіге жоқ деп айт" тақырыбында дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Слайдтар көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.

8. 2018 жылдың қараша айының 15 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен емханада және Жетібай ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде отбасы дәрігері Маканбаева К., әлеуметтік қызметкер Сәрсенова М., медбике Қонысбаева А. тұрғындар арасында "Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері " тақырыбында "Ашық есік күні " өткізілді. Тұрғындарды дұрыс тамақтануға, дене белсенділігін арттырып, жағымсыз мінез құлықтан аулақ болуға өз денсаулығына деген көзқарасын арттыруға кеңестер берілді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

9. 2018 жылдың қараша айының 15 жұлдызында Жетібай ауылы 4 орта мектебінде медбикелер Маденова Қ., Тұрақбаева Р. мұғалімдердің қатысуымен 7-11 сынып оқушылары арасында "Темекінің адам ағзасына тигізетін зияны " жөнінде дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

10. Ағымдағы жылдың қараша айының 16 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 7 орта мектебінде медбике Жарылғасова К.,мұғалімдердің қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында "Темекіге жол жоқ!", "Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру ", "Дене шынықтыру және спорт " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді . Шараның мақсаты: Жасөспірімдер арасында зиянды әдеттерге темекі шегуге, ішімдік ішуге, гиподинамияға және дұрыс тамақтануға қарсы тұрақты мінез құлықты қалыптастыру және алдын алу. Ақпараттық материалдар таратылды.

11. Ағымдағы жылдың қараша айының 16 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 8 орта мектебінде медбике Жолдыбаева А., Хасен С.8-11 сынып оқушылары арасында "Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері ", "Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру " дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Слайдтар көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.

12. Ағымдағы жылдың қараша айының 19 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 5 орта мектебінде медбике Шүйішбекова С. мұғалімдердің қатысуымен 0-4-5 сынып оқушылары арасында "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу ", "Темекінің адам ағзасына тигізетін әсері ", " Тазалық -денсаулық кепілі!" атты тақырыптарға дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды. Слайдтар көрсетілді. 56 оқушы қатысты.

Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм» желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара аясында ақпараттық материалдар таратылды, бейнероликтер көрсетілді.











Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев