• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Тәні саудың жаны сау

1. Ағымдағы жылдың қазан айының 15 жұлдызында 8 орта мектеп медбикесі Хасен С. мұғалімдер арасында " Тәні саудың жаны сау", " Сүт безі обырының алдын алу" жөнінде дəрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2. Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық күніне арналған "Ескерту - түзетуден оңай" ісшарасы аясында емханаға келуші аналар арасында акушер гин. дәрігері Мырзакулова Д.С. акушерка Елемесқызы Қ., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. "Сүт безі обырының алдын алу " жөнінде "Ашық есік күні " ұйымдастырылды. Скринингтен өтудің маңыздылығы және ай сайын сүт бездерін өздігінен тексеруге ұсынылды. Оның мақсаты-сүт бездерінде патологиялық өзгерістер анықталған кезде уақытылы дәрігерге қаралу және әйелдерді кеуде күтімі жайында көңіл бөлдірту. Ақпараттық материалдар таратылды.

3. "Менің таңдауым-салауатты өмір салты!" Ағымдағы жылдың қазан айының 17 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 5 орта мектебінде медбике Шүйішбекова С. 2сынып оқушылары арасында "Салауатты өмір салтын дегеніміз не?" жөнінде дəрістер оқып ,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Дұрыс тамақтану, денешынықтырумен айналысу, жақсы ұйқы, күн тәртібі, зиянды əдеттерден бас тарту, күйзеліске төзімділік, ағзаны шынықтыру, рухани көңіл-күй, жеке гигиена. Ақпараттық материалдар таратылды.

4. "Ескерту-түзетуден оңай" Ағымдағы жылдың қазан айының 17 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., Сүлейменқызы Ж. емханаға келген тұрғындар арасында "Сүт безі обырының алдын алу ", "Пайдалы және зиянды тағамдар " жөнінде дəрістер оқып , түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараның мақсаты: Сүт безі обырының алдын алу мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру; сүт безі обырының белгілері мен симтомдарын дер кезінде анықтау және оның дамуын ескерту; сүт безі обырының даму қауіп факторларының алдын алу.

 

5. Ағымдағы жылдың қазан айының 18 жұлдызында отбасы медбикелері Бекмурадова А., Байбозова М. емханаға келген тұрғындар арасында "Сүт безі обырының алдын алу ", "Салауатты өмір салтын ұстаныңыз " жөнінде дəрістер оқып , түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

6. "Ескерту - түзетуден оңай " Ағымдағы жылдың қазан айының 19 жұлдызында отбасы медбикелері Сүндетова А., Алпысова С., Кабулова А. емханаға келген тұрғындар арасында "Пайдалы және зиянды тағамдар", "Сүт безі обырының алдын алу "жөнінде дəрістер оқып , түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

7. "Өз денсаулығыңды нығайта- салауатты өмір салтын сақта!" Ағымдағы жылдың қазан айының 22 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен Жетібай ауылы 8 орта мектебінде медбике Хасен С. 3-4сынып оқушылары арасында "Менің таңдауым-салауатты өмір салты" тақырыбында дене белсенділігін арттырудың маңыздылығы түсіндіріліп, жаттығулар жасалды. Спорттық ойындар жалғысын тапты. 42 оқушы саны қамтылды. Ақпараттық материалдар таратылды.

8. Ағымдағы жылдың қазан айының 23 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3, 7 мектептерде медбикелер Кенжебаева А., Жарылғасова К. 5-6-7 сынып оқушылары арасында "Салауатты өмір салтын ұстаныңыз!" , «Пайдалы және зиянды тағамдар» жөнінде дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектептерде диктанттар жазылып, суреттер салынды.

9. Ағымдағы жылдың қазан айының 24 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен Мұнайшы ауылындағы 7 орта мектебінде медбике Жарылғасова К. 0 сын. оқушылары арасында "Пайдалы және зиянды тағамдар " тақырыбында дәріс оқып , сабақ өткізді .Шараның мақсаты: балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың ағзаға қандай тағам пайдалы, қандай зиянды екендігі туралы түсіндіру. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

10. "Өз денсаулығыңды нығайта- салауатты өмір салтын сақта!" 7орта мектебінде медбике Жарылғасова К. және дене шынықтыру мұғалімінің қатысуымен оқушылар арасында әртүрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

11. Ағымдағы жылдың қазан айының 24 жұлдызында 5 орта мектебінде медбике Шүйішбекова С. кіші қызметкерлер және жоғары сынып оқушылары арасында " Қатерлі ісіктің, оның ішінде сүт безі обырының пайда болуына дұрыс емес өмір салты қалай әсер етеді", "ЖРВИ,тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу" жөнінде семинар өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

12. Ағымдағы жылдың қазан айының 24 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен акушерка Тоқтағанова Қ., отбасы медбикесі Қызылғұлова Р. емханаға келген тұрғындар арасында "Сүт безі обырының алдын алу ","ЖРВИ,тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алу","Менингиттің алдын алу " жөнінде дəрістер оқып , түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында,  « Фейсбукта », «Инстаграм»  желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара  аясында ақпараттық материалдар таратылды, бейнероликтер көрсетілді.

  

 

 

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев