• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Дұрыс тамақтану

1. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 жұлдызында 3 орта мектебінің медбикесі Кенжебаева А. 2-5 сынып оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану", " Салауатты өмір салтын ұстанамыз" тақырыбында дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

2. Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған "Бір әлем, бір үй, бір жүрек" онкүндігіне орай медбикелер Кабулова А., Сүндетова А. , Сағындық Н. тұрғындар арасында "Жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алудың маңыздылығы " жөнінде дəріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

3. Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алыңыз! Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек: 
* Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
* Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
*Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту-тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
*Көкөніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
* Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
*Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
*Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;

4. Жүрек инфарктінің белгілері.

5. Өз денсаулығыңыз - өз қолыңызда!

Жүрек-қантамыр ауруларына шалдықтыратын қауіп-қатерді есептеу.

6. "Менің жүрегім, сенің жүрегің" ұранымен Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған "Бір әлем,бір үй, бір жүрек " іс-шарасы аясында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. тұрғындар арасында "Жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алу " жөнінде дəріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

7. "Менің жүрегім, сенің жүрегің " ұранымен Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған "Бір әлем,бір үй, бір жүрек " іс-шарасы аясында 3 орта мектебінде медицина қызметкерлері Мұрынбаева Н., Даулбаева Ф., Кенжебаева А. қатысуымен мұғалімдер арасында "Жүрек- қан тамыры ауруларының алдын алу " жөнінде ақпараттар берілді. Жүрек- қан тамыры аурулары адамдардың өмір сүру сапасына әсері және оның салауатты өмір салтын ұстану арқылы теріс салдарының алдын алу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды. 17 адам саны қамтылды.

8. Жетібай ауылы 3 орта мектебінде мектеп директоры Мұханова Г.С., мұғалімдер Жұмашева Ф., Сатыбалдиева Г., акушерка Мұрынбаева Н. СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., мектеп медбикесі Кенжебаева А. қатысуымен қыз балалар арасында "Ар -намысыңды сақта!", "Жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы және жүрек қантамыры ауруларының алдын алу " жөнінде дəрістер оқылып, кеңестер берілді. Адамның жалпы,әсіресе жасөспірім кезінде жағдайын жақсарту және оның болашақтағы табыстары үшін оң нәтежелерге әсерін тигізетін салауатты өмір салты принциптерін ұстану туралы ақпараттар берілді. Ақпараттық материалдар таратылды. 156 оқушы саны қамтылды.

9. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында 7 орта мектебінде медбике Жарылғасова К. психолог маманы Ербосинова Б.,ТЖО меңгеруші С.Жетімекованың қатысуымен жоғары сынып қыз балалары арасында " Ар намысыңды сақта!" атты тақырыпта дəріс оқып кеңестер берілді. Тренинг ұйымдастырылды. Ақпараттық материалдар таратылды.

10. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 26 жұлдызында мектеп медбикесі Жарылғасова К., дене тәрбиесі мұғалімінің қатысуымен оқушылар арасында "Көңілді старттар " спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

11. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында 4 орта мектебінде мектеп медбикесі Тұрақбаева Р. 9-11 сынып оқушылары арасында "Өз жүрегіңе қамқор бол" тақырыбында дәрістер оқып, кеңестер берді . Жүректің адам ағзасындағы негізгі ағзасы және өмір бойы маңызды қызметі туралы және зиянды əдеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтануға, дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. 47 оқушы саны қамтылды.

12. "Менің жүрегім, сенің жүрегің! " Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 26 жұлдызында отбасы дәрігері Ахмедьярова Р.М., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., Насипова Б., Тұрғанбаева М . , Алпысова С. қатысуымен емханада тұрғындар арасында Дүниежүзілік жүрек күні аясында "Жүрек- қантамыры ауруларының алдын алу " жөнінде ашық есік күні өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

13. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 27 жұлдызында 5 орта мектебінде медбике Шүйішбекова С. 5 сынып оқушылары арасында "Менің жүрегім, сенің жүрегің " тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар осы тақырып бойынша мазмұндама жазды.

14. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 27 жұлдызында 4 орта мектебінде медбике Маденова Қ. 5-6 сынып оқушылары арасында "Менің жүрегім-сенің жүрегің " тақырыбында дәріс оқып, сурет салып көрме ұйымдастырылды. Ақпараттық материалдар таратылды. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

15. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28 жұлдызында 7 орта мектебінде медбике Жарылғасова К., психолог маманының қатысуымен 3-5 сынып оқушылары арасында "Менің жүрегім сенің жүрегің " тақырыбында дәріс оқып, тренинг ұйымдастырылды. Мазмұндама жазылып, суреттер салынды. Ақпараттық материалдар таратылды.

16. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28 жұлдызында 4 орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі Мадиева А.және мектеп медбикесі Маденова Қ. қатысуымен 9сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік жүрек күнін қолдау үшін "Менің жүрегім, сенің жүрегің" тақырыбында флеш-моб ұйымдастырылып өткізілді. 18 оқушы қамтылды.

 

17. "Менің жүрегім-сенің жүрегің " Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28 жұлдызында дәрігер Н.К.Молдагалиева , СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. психолог Алибекова Д. қатысуымен қызметкерлер арасында "Миокард инфарктісі кезінде алғашқы жедел көмек көрсету" бойынша семинар өткізіліп, тренинг ұйымдастырылды.

18. Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм»  желілеріне жарияланып үлгерді.

Шара  аясында ақпараттық материалдар таратылды, бейнероликтер көрсетілді.

 

 

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев