• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Отбасын құру мен репродуктивті денсаулық сақтау

1. "Дені сау жанұя-дені сау мемлекет". 2018 жылдың қыркүйек айының 11 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. қатысуымен Жетібай ауылы əкімшілігі қызметкерлері арасында "Отбасын құру мен репродуктивті денсаулық сақтау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: репродуктивті денсаулықты нығайту, саналы түрде ата-ана атану, жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу, АИТВ инфекциясы, жоспарланбаған жүктілікті болдырмау, контрацепция әдістері және салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау. 13 адам саны қамтылды. Ақпараттық материалдар таратылды.

2. Еркектердің репродуктивтік денсаулығын сақтау.

3. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 12 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен акушер гинек. дəрігер Мырзакулова Д.С., акушерка Елемесқызы Қ. қатысуымен аналар арасында "Əйелдердің репродуктивті денсаулығы" тақырыбында "Ашық есік күні " өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

4. " Дені сау жанұя - дені сау мемлекет" атты іс-шарасы аясында 5 орта мектебінде медбике Шүйішбекова С. мұғалімдердің қатысуымен ата-аналар арасында "Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы" тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты: Репродуктивті денсаулықты нығайту, зиянды əдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау.

5. "Дені сау жанұя дені сау мемлекет " атты іш-шарасы аясында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 5 орта мектебінде медбике Шүйішбекова С. қатысуымен 9-10 сын. оқушылары арасында "Өз болашағың өз қолыңда", " Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас" атты тақырыптарға семинар өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

6. "Дені сау жанұя дені мемлекет" іс-шарасы аясында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., Кабулова А.,Жолдыбаева Г. тұрғындар арасында " Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы" жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратылды.

7. Отбасын жоспарлау-себепті емес, қалаулы балалар!

8. Емханада шара аясында  акушерка Тоқтағанова Қ.,медбикелер Насипова Б., Есполова А., Сағындық Н.,Қызылғұлова Р. , Серікбаева З.,Абдиева Ф. 30-64 жас аралығындағы ересек тұрғындар арасында «Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы» (репродуктивті денсаулық ақауларының алдын алу) тақырыбында фертильді жастағы адамдардың репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша дәрістер оқып, кеңестер берді.

9. 7 орта мектебінің медбикесі Жарылғасова К. қатысумен 9 сын. қыз балалары арасында "Өз болашағың өз қолыңда " тақырыбында флэшмоб өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстануға насихаттап, дене белсенділігін арттыруға шақырды.

10. "Дені сау жанұя - дені сау мемлекет " атты іш-шарасы аясында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3 орта мектебінде медбике Кенжебаева А 8-10 сын. оқушылары арасында " Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым қатынас " ," Өз болашағың өз қолыңда " атты тақырыптарға семинар өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

11. "Дені сау жанұя- дені сау мемлекет " атты іш-шарасы аясында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 4орта мектебінде медбике Маденова Қ. 10-11 сын.оқушылары арасында "Өз болашағың өз қолыңда", "Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас" атты тақырыптарға семинар өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды.

12. "Дені сау жанұя дені сау мемлекет " атты іш-шарасы аясында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен 3 орта мектебінде медбике  Кенжебаева А . қатысуымен 9 сын. оқушылары арасында " Ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас"  атты тақырыпқа семинар өткізілді.   

13.Интернет желілеріндегі жарияланған сайттар атауы: Жетібай ауруханасы сайтында, « Фейсбукта », «Инстаграм»  желілеріне жарияланып үлгерді.

 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев