• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Балалар мен жасөспірімдерде кездесетін туберкулезді менингит

Ми қабығының туберкулезге шалдығуы, ерте жастағы балаларда жиі кездесетін аурулардың бірі. Туберкулезді менингит-жалпы туберкулез ауруларының ішіндегі қауіптілерінің бірі. Егер де ауру кеш анықталып, мезгілінде ем бастамау салдары, науқастың өліміне әкеп соғуы немесе ауыр мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Ауру алғашқыда балада бас ауруы, жалпы ауырсынулар мен температураның көтерілуінен басталады. Бұл белгілер-хабаршы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде бала әлсіз, ашушаң болып, тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады. Кейде бала басының ауыруына шағымданады, сабақ үлгерімі төмендейді. Жас балаларда іш аурулары байқалады. Бұл кезеңде менингитті анықтау өте қиын, дегенмен дәрігер күмәнданса  жұлын сұйығына  зерттеу жүргізіп, диагнозын анықтауы тиіс.

 Уақыт өте келе, баланың басы тұрақты ауруға көшеді, бас ауруының қатты болғаны соншалық  балалар кейде қатты айқайлап жылайды, асқа тәбеті жоғалады, жүрегі айниды. Бала жарыққа қарай алмайды, аяқ- қолын бауырына жинап, төсекте бір бүйірімен жатады.

Уақытымен басталған ем,  туберкулездің осындай ауыр түрінен де жазылып кетуге мүмкіндік береді. Ауруды зерттеп табудың ең басты әдістері – рентгенологиялық  зерттеу және Манту сынамасы болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің туберкулезге шалдығуының алдын алу мақсатында, сақтандыру екпелері егіледі ( БЦЖ  вакцинасы) оның алғашқысы сәби перзентханада  дүниеге келгенде егіледі. Қайталап егу -  бала бірінші сыныпқа барғанда жүргізіледі.

 Қорыта келгенде, балаларда туберкулезді дер кезінде анықтау және емдеу қазіргі заманғы медицинаның басты мақсаттарының бірі екендігін айта кеткен жөн.

 

 

Жетібай туб.кабинеті

дәрігер – фтизиатры

Б.Б. Калимов.

21.02.2012 ж. 

 

Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев