• Қазақ
  • Русский
  • для слабовидящих

"Жетібай ауылдық ауруханасы" ШЖҚ МКК

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Жетібай ауылдық ауруханасы

Тіркеу:

8 (72935) 26-0-18

Бас кеңсе
8 (72935) 26-3-75

Жедел жәрдем бөлмесі
8 (72935) 26-3-13

Аурухана туралы

Біздің ресми Веб  сайтымыздың  бетшесіне  қош келдіңіздер!

  Мұнда Сіздер өздеріңізді қызықтыратын және қажетті мәліметтерді табасыздар!

Манғыстау облысының денсаулық басқармасының "Жетібай ауылдық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, стационарлық, стационарлы- амбулаториялық көмек көрсететін, тұрғындарға кепілді тегін медициналық көмекпен қамтитын емдеу  сауықтыру кәсіпорны болып табылады. Аурухананың төсек қоры  90 төсекті құрайды, Өз құрамында: 75 төсектік тәулік бойғы стационар, емхана құрамында - 10 төсектік күндізгі стационар, Мұнайшы кентіндегі дәрігерлік  амбулаторияда  5 төсектік күндізгі стационар. Аурухана құрамында аурулар қабылдау бөлімшесі,  Жобалық қуаты ауысымында  150 қабылдауға  арналған емхана бар.

Аурухана басшысы: директор Куанов Берик Джанибекович.

Ұжымда барлығы 22 дәрігер және 145 орта буын қызметкерлері жұмыс жасайды, оның ішінде 5 жоғарғы санатты, 7 бірінші санатты, ал 12   екінші санатты медбикелер. 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы “Жетібай ауылдық ауруханасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2017 жылғы есебінің конъюнктуралық шолуы

Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу

29.01.2019

2019 жылдың қаңтар айының 22 жұлдызында акушерка Мұрынбаева Н., СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. аналар арасында "Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу", " Жатыр обырының қатерінің факторлары " жөнінде дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Скринингтік тексерулердің маңыздылығы түсіндірілді.

Толығырақ »


" Өз дәрежеңді біл!" 2018 жылдың қараша айының 20 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф.

19.12.2018

" Өз дәрежеңді біл!" 2018 жылдың қараша айының 20 жұлдызында СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф. ұйымдастыруымен дәрігер Мырзакулова Д.С., акушерка Елемесқызы Қ. қатысуымен емханаға келген тұрғындар арасында " АИТВ/ЖИТС-ның алдын алу" жөнінде "Ашық есік" күні өткізілді. Ақпараттық материалдар таратылды. Бейнероликтер көрсетілді.

Толығырақ »


#Салауатты Маңғыстау

13.12.2018

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында емханаға келген тұрғындарға СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., медбикелер Тажигулова З., Тұрғанбаева М.,, Кабулова А. " Өз қан қысымыңызды білесіз!", " Артық салмақтың алдын алу " жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, артериалды қан қысымы, бойы, салмағы өлшеніп, қан құрамындағы қант, холестериннің деңгейін анықтайтын таңдаулар жасалды.

Толығырақ »


Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!

21.11.2018

"Шылым шегуді тастау үшін тамаша күн!" 2018 жылдың қараша айының 8 жұлдызында Жетібай ауылдық балалар, жасөспірімдер спорт мектебінде СӨСҚ медбикесі Даулбаева Ф., әлеуметтік қызметкер Сәрсенова М. , медбике Умирбекова Л., әдіскер Шакиева А. қатысуымен балалар мен жасөспірімдер арасында " Темекіге жол жоқ!"

Толығырақ »


Ұлт денсаулығын сақтау - асыл міндет. Денсаулық - жеке адамның да, жалпы қоғамның да басты құндылықтарының бірі.

Н.А. Назарбаев